Меню

Страницы

Статья

Қазақстан ТМД салық қызметтері үйлестіру кеңесінің жұмыс тобының отырысына қатысты

  2026 жылғы 5–11 шілде аралығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтар мен бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді адамға бағдарланған қағидат негізінде жетілдіру.

      Отырысқа Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь елдерінің делегациялары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

      Қазақстан Республикасы атынан іс-шараға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Думан Кансеитов қатысты.

      Қатысушылар азаматтар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы ету бағытындағы салық органдарының жұмысын жетілдіру мәселелерін талқылады. Мемлекеттік қызметтерді ең алдымен адамдар мен бизнестің қажеттіліктеріне бейімдеуді көздейтін клиентке бағдарланған тәсілді енгізуге ерекше назар аударылды.

      Сонымен қатар, қатысушылар салықтық әкімшілендіруде жасанды интеллекті қолдану тәжірибесімен, қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін салық төлеушілердің пікірлерін пайдалану жолдарымен бөлісті. Сондай-ақ Ресей Федералдық салық қызметінің озық тәжірибесі мен азаматтармен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдері енгізілген мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының жұмысы таныстырылды.

       Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға, үздік тәжірибелермен алмасуға және заманауи цифрлық шешімдерді бірлесіп дамытуға келісті. Бұл ТМД елдерінің салық қызметтеріне мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, оларды азаматтар мен бизнес үшін қолайлы әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
10 августа 2026
Дата обновления
10 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы