Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тауарларды импорттау кезінде ҚҚС бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану туралы

       

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану тәртібін түсіндіреді.

       Салық кодексінің 509-бабына сәйкес салық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ҚҚС төлеушілер есепке жатқызу әдісін қолдана алады.

      Есепке жатқызу әдісін қолданған кезде импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасы бір мезгілде ҚҚС бойынша декларацияда есептелген салық ретінде де, есепке жатқызылатын сома ретінде де көрсетіледі. Белгіленген талаптар толық сақталған жағдайда тауарларды әкелу кезінде бюджетке іс жүзінде ҚҚС-ты төлеу жүргізілмейді.

      Есепке жатқызу әдісі:

      * одан әрі өткізуге немесе халықаралық қаржылық лизингке беруге арналмаған тауарларға;

      * қаржылық лизингке (халықаралық қаржылық лизингті қоспағанда) беру үшін әкелінетін тауарларға;

      * бекітілген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын тауарларға қолданылады.

       Есепке жатқызу әдісі қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оны қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1199 қаулысымен бекітілген.

       Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бірге Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау үшін қажет болатын, оның техникалық және коммерциялық сипаттамаларын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

      Есепке жатқызу әдісі қолданыла отырып әкелінген тауарлар нысаналы мақсаты бойынша импортталған тауарлардың басым бөлігі үшін 5 жыл, ал ауыл шаруашылығы құстары үшін 18 ай ішінде пайдаланылуға тиіс.

      Егер осы кезең ішінде тауар өткізілсе, халықаралық қаржылық лизингке берілсе немесе белгіленген шарттарды бұза отырып пайдаланылса, ҚҚС бюджетке төленуге тиіс. Бұл ретте өсімпұл тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеу үшін белгіленген күннен бастап есептеледі.

      Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге есепке жатқызу әдісін қолданғанға дейін импортталатын тауардың бекітілген тізбеге енгізілгеніне, оның ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша дұрыс сыныпталғанына және белгіленген мерзім ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылатынына көз жеткізуді ұсынады.

Дата публикации
10 августа 2026
Дата обновления
10 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы