Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Малайзияға кедендік бақылау саласындағы заманауи цифрлық шешімдерді таныстырды

     2026 жылғы 8 шілдеде Түркістан облысындағы «Б. Қонысбаев» атындағы өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мен Малайзия Корольдік кеден департаментінің делегациясы арасында жұмыс кездесуі өтті.

      Кездесу Дүниежүзілік кеден ұйымының бастамасымен халықаралық сауда рәсімдерін жеңілдету бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу және Қазақстанның кедендік рәсімдерді жеделдету мен олардың ашықтығын арттыру мақсатында енгізіп жатқан заманауи шешімдерін таныстыру.

      Малайзия өкілдеріне өткізу пунктінің жұмысы және мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы қалай ұйымдастырылғаны көрсетілді. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін де, мемлекеттік органдар үшін де шекарадан өтуді жылдам, ыңғайлы әрі тиімді ететін заманауи технологияларға ерекше назар аударылды.

      Сондай-ақ кедендік ресімдеуді автоматтандыратын «КЕДЕН» ақпараттық жүйесінің жұмысы, бақылауды тәуекелі жоғары болуы мүмкін жеткізілімдерге шоғырландыруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі, сондай-ақ тасымалдаушыларға шекарадан өту уақытын алдын ала брондауға мүмкіндік беретін CargoRuqsat электрондық кезек жүйесі таныстырылды. Бұл өз кезегінде кезектерді азайтып, процестің ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

      Қазақстанның тәжірибесі шетелдік әріптестердің үлкен қызығушылығын тудырды. Нориза Абдулла Малайзия Корольдік кеден департаменті делегациясының басшысы Қазақстан кеден қызметін цифрландыру деңгейіне жоғары баға беріп, қолданылып жатқан технологиялардың тиімділігін атап өтті және кездесуді ұйымдастырғаны үшін Мемлекеттік кірістер комитеті мен Дүниежүзілік кеден ұйымына алғысын білдірді.

      Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар кедендік әкімшілендіру саласындағы кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тәжірибе және үздік тәжірибелермен алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Дата публикации
10 августа 2026
Дата обновления
10 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы