Меню

Страницы

Статья

«Жібек жолы» жаңғыртылған өткізу пункті өткізу қабілетін едәуір арттырады

     2026 жылдың 8 шілдесінде жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» өткізу пунктіне барды. Онда олар ЕАЭО сыртқы шекарасының Қазақстан-Өзбекстан учаскесіндегі ең ірі жолаушылар көлігі өткізу пунктін ауқымды қайта құру жұмыстарының барысын тексерді. Тексеру барысында жобаның қазіргі іске асыру кезеңі, құрылыс жұмыстарының қарқыны және 2026 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуі жоспарланған нысанның дайындығы қарастырылды.

      Жаңғыртылатын өткізу пункті кедендік және шекаралық бақылауды жүргізу үшін заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылатын болады.

      Бүгінгі таңда объектіде халықаралық стандарттарды ескере отырып жобаланған «экспорт» және «импорт» бағытындағы екі бөлек жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталуда. Автобустар мен жеңіл көліктерге шекаралық және кедендік тексеру жүргізу үшін жалпы үлкен шатырды монтаждау, бейнебақылау жүйелерін орнату жүргізілуде.

      Объектіде тоқтаусыз екі ауысымық режимде 270 жұмысшы жұмыс атқаруда.

      Жаңғыртылудағы «Жібек Жолы» өткізу пунктінің жобалық қуаты тәулігіне 70 мың жеке тұлға мен 2 мың жеңіл автокөлік және 200 автобусты құрайды.

      Бұған дейін ескі өткізу пунктінің жобалық қуаты тәулігіне 17 мың жеке тұлғаны, 400 жеңіл автокөлікті және 20 автобусты құраған болатын.

      Инспекциялау және объектіде авторлық және техникалық қадағалау өкілдерінің қатысуымен өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша құрылыстың мерзімдері мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету және жобаны белгіленген мерзімде аяқтаудың барлық шараларын қабылдау тапсырылды.

 

Дата публикации
10 августа 2026
Дата обновления
10 августа 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы