Жауап: Салық кодексіне сәйкес шот-фактураны ҚҚС төлеушілер, сондай-ақ ҚҚС төлеуші болып табылмайтын жекелеген тұлғалар санаты жазып беруге міндетті.
Сонымен қатар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, оның ішінде нотариустар ҚҚС төлеуші ретінде тіркеле алмайды және шот-фактураны міндетті түрде жазып беруге тиіс тұлғалар тізбесіне кірмейді.
Осыған байланысты нотариустар және жеке практикамен айналысатын өзге де тұлғалар шот-фактура рәсімдеуге міндетті емес.
Сондықтан электрондық шот-фактураның (ЭШФ) нысанында «Жеке практикамен айналысатын тұлға», оның ішінде «Нотариус» санаты жеткізуші ретінде де, алушы ретінде де көзделмеген.
Жауап: Егер сатушы ҚҚС төлеуші болса, тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде шот-фактура жазып беруге міндетті.
Шот-фактураны толтыру кезінде төлем тәсілін көрсету қажет. Екі нұсқа қарастырылған: «қолма-қол ақша» немесе «қолма-қол ақшасыз».
Егер төлем тек қолма-қол немесе тек қолма-қол ақшасыз емес, мысалы, аралас тәсілмен (бір бөлігі қолма-қол, екінші бөлігі қолма-қол ақшасыз аударым арқылы) немесе басқа тәсілмен жүргізілсе, шот-фактурада «қолма-қол ақшасыз» төлем тәсілі көрсетіледі.
Жауап: Бұған дейін пошта серверінің жұмысында техникалық қиындықтар болып, соның салдарынан кейбір пайдаланушыларға тіркелуді растауға арналған сілтеме жіберілмеген.
Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілді.
Егер сілтеме келмесе немесе оның қолданылу мерзімі (48 сағат) өтіп кетсе, ЭШФ ақпараттық жүйесінде қайтадан тіркелу немесе қолжетімділікті қалпына келтіру рәсімінен өту қажет. Қайта тіркелген кезде тіркелуді растауға арналған жаңа сілтеме қалыптастырылады.