Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына сайланды

 

       2026 жылғы 25 - 27 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде өткен Ұйым Кеңесінің 147-ші және 148-ші сессияларына қатысты.

       Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев басқарды.

      Сессиялар барысында ДКҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық кедендік ынтымақтастықты дамыту, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, кеден қызметтерін цифрлық трансформациялау, заңды халықаралық саудаға жәрдемдесу, жаһандық жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.

      Сессиялар аясында Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен, Ұйым Хатшылығының басшылығымен, сондай-ақ Болгария, Мажарстан, Польша, Түркия, Корея Республикасы, Эстония және Жапония кеден әкімшіліктерінің басшылары мен өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

      Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, кедендік әкімшілендіру, тәуекелдерді басқару, кадрлар даярлау салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелерін, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымы аясындағы бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруды талқылады.

      Қазақстанның ДКҰ Кеңесінің жұмысына қатысуы еліміздің халықаралық кедендік ынтымақтастықты нығайтуға және шетелдік кеден әкімшіліктерімен практикалық өзара іс-қимылды дамытуға деген берік ұстанымының кезекті дәлелі болды.

      Сессияның маңызды қорытындыларының бірі - Қазақстан Республикасының 2026 - 2027 қаржы жылына арналған Дүниежүзілік кеден ұйымының Кірістер комитетінің құрамына сайлануы болды. Бұл шешім Еуропа өңірінің «Шығыс» кіші тобына мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді және еліміздің Дүниежүзілік кеден ұйымы қызметіне белсенді қатысуының мойындалғанын көрсетеді.

       Қазақстанның Кірістер комитетінің құрамына енуі елімізге Ұйымның бюджеттік саясаты, қаржы ресурстарын бөлу және оның қызмет тетіктерін жетілдіру мәселелерін қарауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның халықаралық кедендік ынтымақтастықты дамытудағы рөлін одан әрі күшейтеді.

Дата публикации
30 июня 2026
Дата обновления
30 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы