Бейрезидентке ЭСФ рәсімдеу.
Бейрезидент тұлғадан жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынғанда, егер орындалатын жері Қазақстан Республикасының аумағы болып танылса, ҚҚС-ты есептеу және төлеу міндеті резидент-сатып алушыға жүктеледі. ҚҚС сомасы бюджетке төленгеннен кейін, сатып алушы ЭШФ-ны өзі рәсімдеуі тиіс.
ЭШФ ҚҚС төленген сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазылуы тиіс.
Бейрезидентке ЭШФ жазу үшін, «ЭШФ» АЖ веб-порталындағы (https://esf.gov.kz:8443) жеке кабинетте «Электрондық шот-фактуралар» журналына өтіп, «Шот-фактура құру» функциясын пайдалану қажет.

1-сурет – ЭШФ журналы
Нәтижесінде ЭШФ құру формасы ашылады, онда «B. Жеткізушінің деректемелері» бөліміне өтіп, «Жеткізуші санаты» өрісінде «N. Бейрезидент (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізушісі)» мәнін таңдау қажет.

2-сурет – Бейрезидент үшін ЭШФ құру
Бұл санатты таңдағаннан кейін, «C. Алушы мәліметтері» бөлімі ЭШФ-ны жазатын резидент-компанияның деректемелерімен автоматты түрде толықтырылады. Ал «B. Жеткізушінің деректемелері» бөлімі жеткізуші- бейрезидент тұлғаның деректемелерін қолмен толтыру үшін қолжетімді болады.
«В бөлімі. Жеткізуші мәліметтері»-де «Жеткізушінің атауы», «Оның орналасқан жерінің мекенжайы» және «Ел коды» міндетті түрде толтырылуы қажет.

3-сурет – Бейрезидент-жеткізушінің мәліметтері
Егер бейрезидент жеткізушінің ел кодында ЕАЭО елдерінің (AM, KG, RU, BY) коды көрсетілсе, онда «ЖСН/БСН» өрісіне бейрезидент-жеткізушінің идентификаторын қосымша толтыру қажет.
Бейрезидент ұлғаның идентификаторын «ЖСН/БСН» өрісіне толтырған кезде жүйе таңбалар санын тексереді:
– AM коды үшін - 8 сан;
– BY коды үшін - 9 сан;
– RU коды үшін - 10 немесе 12 сан;
– KG коды үшін - 14 сан.
Бейрезидент үшін ЭШФ жазған кезде, «G. Тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы мәліметтер» бөлімінде тек шығу тегінің белгісі «6» – жұмыс, көрсетілетін қызмет болып табылатын позицияларды толтыру қолжетімді.

4-сурет – Бейрезидент үшін ЭШФ жазу.
Форманың барлық қалған өрістері, сондай-ақ форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) ЭШФ жазудың стандартты процесіне сәйкес толтырылады.
Бөлімдерді толтыру ережелері, міндетті өрістерді тексеру, күндер форматы, ЭШФ нөмірленуі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді толтыру – кәдімгі ЭШФ-ға толығымен ұқсас.
Бейрезидент үшін түзетілген және қосымша ЭШФ жазу процесі «ЭШФ» АЖ-да мұндай құжаттарды ресімдеудің стандартты процесінен ерекшеленбейді. ЭШФ құру мен толтырудың бірдей ережелері қолданылады.
Маңызды: Бейрезидент үшін жазылған қосымша және түзетілген ЭШФ алушының растауына немесе одан бас тартуына жатпайды, себебі мұндай ЭШФ-ны алушының өзі (резидент) жазады.
Бейрезидент үшін жазылған ЭШФ-ны кері қайтарып алу процесі стандартты болып табылады және кәдімгі ЭШФ-ны кері қайтарып алу рәсіміне сәйкес келеді.
Маңызды: Кері қайтарып алынған ЭШФ алушының растауына немесе одан бас тартуына жатпайды, себебі мұндай ЭШФ-ны алушының өзі (резидент) жазады.