Меню

Страницы

Статья

МКК салық төлеушілерге ықтимал алшақтықтар туралы Push-хабарлама жолдады

   Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәуекелдерді азайту бойынша алдын алу жұмыстары аясында мынадай бағыттар бойынша ықтимал алшақтықтар анықталған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) Салық төлеуші кабинеті арқылы Push-хабарламалар жолдады:

  • бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығын төмендету және (немесе) төлеуден босатуды заңсыз қолдану (101.04 СЕН) 2023-2025 жыл кезеңдеріне;
  • салық салудан босату немесе салықтың төмендетілген мөлшерін қолдану бөлігінде халықаралық шартты заңсыз қолдану (101.04 СЕН) 2023-2025 жыл кезеңдеріне;
  • бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша ҚҚС сомасын төмендету және (немесе) есептемеу (300.05 СЕН) 2023-2025 жыл кезеңдеріне;
  • ҚҚС сомасының есептелген салық сомасынан асып түсуін асыра көрсетуге әкеп соқтыратын, ҚҚС бойынша декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қате (300.05 СЕН) 2023-2025 жыл кезеңдеріне.

      Хабарламаларда ықтимал алшақтықтарды анықтау алгоритмдерінің сипаттамасы, сондай-ақ ұсынылған мәліметтерді өз бетінше тексеру жөніндегі нұсқаулықтар қамтылған.

     МКК салық төлеушілерге деректерді салыстырып тексеруді және қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жоюды ұсынады.

      Келесі кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарламалар автоматтандырылған режимде жасалады.

Дата публикации
23 июня 2026
Дата обновления
23 июня 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы