Меню

Страницы

Статья

ТОП - 2 - Жеке табыс салығы бойынша шегерімдер

1.Сұрақ: Үшінші топтағы мүгедектігі бар жеке тұлға өзіне қатысты 882 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік салықтық шегерімді және мүгедектігі бар балалары үшін осы шегерімді қатар қолдана ала ма, әлде тек бір ғана шегерімді қолдануға құқылы ма?

Жауап:

Бір мезгілде үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлға болып табылатын және мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі болып саналатын жеке тұлға жеке табыс салығы салынуға жататын табысын дербес есептеу кезінде, растайтын құжаттар болған жағдайда және мұндай шегерімдер салық агенті арқылы қолданылмаған болса, күнтізбелік жыл үшін өзіне қатысты 882 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салықтық шегерімді, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған әрбір мүгедектігі бар бала үшін 882 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салықтық шегерімді қолдануға құқылы.

2.Сұрақ: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке практикамен айналысатын тұлға (жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат және кәсіби медиатор) жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде қандай салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы?

Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық салынатын табысты дербес айқындау кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерімдер (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардың кірісінен ұсталған әлеуметтік аударымдардың сомасына), базалық салықтық шегерім (күнтізбелік ай үшін 30 АЕК мөлшерінде, яғни күнтізбелік жыл үшін 360 АЕК мөлшерінде), әлеуметтік салықтық шегерімдер түрінде (бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 5 000 АЕК мөлшерінде және (немесе) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын өзге тұлғалар үшін – 882 АЕК мөлшерінде) жеке салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы.

Дата публикации
10 июня 2026
Дата обновления
10 июня 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы