1.Сұрақ: Егер негізгі қаражат 2025 жылы салына басталып, 2026 жылы аяқталып пайдалануға берілсе, онда 2026 жылы инвестициялық преференциялар бойынша 100% шегерім қолдануға бола ма?
Жауап: Объекті преференция деп танылғаннан кейін шегерім әдісін таңдаған жағдайда салық төлеуші объект бухгалтерлік есепте негізгі құрал ретінде танылған жылға сәйкес келетін салық кезеңінде объектінің бастапқы құнына енгізілетін шығындарды 100% шегерім түрінде инвестициялық салықтық преференцияларды қолдануға құқылы.
2.Сұрақ: Оңайлатылған декларациялар негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалармен өзара есеп айырысу бойынша шығыстар корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімге жатқызыла ма?
Жауап: Салық кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды алған күнге оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан сатып алу бойынша шығыстары корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімге жатқызылмайды.
Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолданатын салық төлеушілерден, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтарынан (бұдан әрі – АСР ФШҚ) және тек осы АСР қолданатын ФШҚ не өзге қызмет түрлері бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын ФШҚ сатып алынған тауарлар бойынша шығыстар Салық кодексінің 257-бабында белгіленген талаптар сақталған жағдайда шегерімге жатқызылуы мүмкін.