1. Сұрақ: 2026 жылға дейін ветеринариялық дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылған болатын, 2026 жылы мұндай босату көзделген бе?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Салық кодексінің 394-бабының 34) тармақшасына сәйкес ветеринария саласында қолданылатын дәрілік заттарды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылған.
Алайда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексінде осындай ұқсас нормалар көзделмеген.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ветеринариялық дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылмайды және оларды өткізу бойынша айналым ҚҚС-ғын салуға жатады.
2. Сұрақ: КБТМКК шеңберінде дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылады, алайда іс жүзінде сатып алушы дәрілік заттарды жоғары бағамен қосымша төлем жасау арқылы сатып алып, оның бір бөлігін бюджеттен КБТМКК шеңберінде өтеуге құқылы. Осындай қосымша төлем сомасы ҚҚС-қа жата ма?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі (КБТМКК) шеңберінде, сондай-ақ (Үкіметтің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген) дәрілік заттар тізбесіне енгізілген орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылады.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес КБТМКК бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмектің көлемін білдіреді. Бұл ретте КБТМКК-ны қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ азаматтардың ерікті түрде қосымша төлем жасау жолымен қатысуы мүмкін.
Осылайша, Денсаулық сақтау туралы кодексте көзделген ұғымға сәйкес, КБТМКК бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қамтиды, ал қосымша төлем дәрілік заттың нақты құны мен бюджет есебінен өтелетін сома арасындағы айырманы сатып алушының ерікті түрде, ақылы негізде төлеуін білдіреді.
Соған сәйкес, сатып алушы тарапынан дәрілік заттың құны мен КБТМКК шеңберінде өтелетін сома арасындағы айырма ретінде ерікті түрде жүзеге асырылатын қосымша төлем ҚҚС-тан босатуларды қолданбай, ҚҚС-қа жатады.
3. Сұрақ: ҚҚС-тан босатуды қолданудың шарттарының бірі КБТМКК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды жеткізу шартының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына сәйкес рәсімделуі болып табылады.
Іс жүзінде дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу тауарлар нақты әкелінгеннен кейін жүргізіледі, осыған байланысты импорттаушы КБТМКК және МӘМС шеңберінде кейіннен өткізілетін дәрілік заттарды импорттау кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдана алмайды.
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КБТМКК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды импорттау ҚҚС-тан босатылады.
Бұл ретте дәрілік заттар тізбесі, сондай-ақ дәрілік заттарды импорттау кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген.
Қағидаларға сәйкес ҚҚС-тан босатуды қолданудың шарттарының бірі КБТМКК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды жеткізу шартының болуы болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына сәйкес рәсімделген КБТМКК және МӘМС шеңберіндегі дәрілік заттарды жеткізу шарты ғана дәрілік заттарды өткізу КБТМКК және МӘМС шеңберінде жүзеге асырылатынын растайды.
Осылайша, дәрілік заттарды импорттау кезінде КБТМКК және МӘМС шеңберіндегі жеткізу шарты болмаған жағдайда, егер мұндай дәрілік заттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдардың жинақтаушылары, сондай-ақ техникалық көмекші (өтемдік) құралдар тізбесіне енгізілген болса, импортқа ҚҚС 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленуге жатады.
Ал егер дәрілік заттар 5 пайыздық мөлшерлеме қолданылатын тізбеге енгізілмеген болса, импортқа ҚҚС 16 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленуге жатады.
4. Сұрақ: Медициналық қызметтер көрсететін, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер ЭШФ жазуға міндетті ме?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеуші болып табылмайтын кейбір санаттағы салық төлеушілер үшін электрондық шот-фактура (ЭШФ) жазу міндеті туындайды.
Атап айтқанда, Салық кодексінің 208-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, бұл санатқа Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жинақтаушыларын, сондай-ақ техникалық көмекші (өтемдік) құралдарды өткізу бойынша медициналық қызметтер көрсететін салық төлеушілер жатады.
5. Сұрақ: 2026 жылға дейін дәрі-дәрмек өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды өткізу мен импорты ҚҚС-тан босатылған болатын. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрі-дәрмек өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды өткізу мен импорты ҚҚС-тан босатыла ма?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қолданыста болған Салық кодексінің 394-бабы 33) тармақшасының, сондай-ақ 399-бабының 1-тармағы 10) және 10-1) тармақшаларының ережелерінде дәрі-дәрмек өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды өткізу және импорты кезінде ҚҚС-тан босату көзделген болатын.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы Салық кодексінде дәрі-дәрмек өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды өткізу және импорты кезінде ҚҚС-тан босату бойынша ұқсас ережелер қарастырылмаған.
Осылайша, Салық кодексінде дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын шикізат, материалдар мен жабдықтарды ҚҚС-тан босатуды көздейтін ережелер белгіленбеген.
Тиісінше, дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын шикізат пен материалдарды импорттауға және өткізу ҚҚС-пен салық салынады.
6. Сұрақ: Кейбір ҚҚС төлеушілерде өткізу тізбегінде әртүрлі ҚҚС мөлшерлемесін енгізу 16% мөлшерлеме бойынша ҚҚС шегерімінен, ал 5% мөлшерлеме бойынша өткізуден дебеттік сальдоның ұлғаюына, ал басқа ҚҚС төлеушілерінде керісінше, егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді 16% ҚҚС мөлшерлемесі бойынша одан әрі өткізе отырып, 5% мөлшерлеме бойынша сатып алған жағдайда ҚҚС жүктемесінің артуына әкеледі.
Сатып алу және сату бойынша әр түрлі ҚҚС мөлшерлемесін қолдану кезінде тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС шегерімі қалай жүргізіледі? Бөлек есепке алуды жүргізу қажет пе?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 503-бабының 1 және 2-тармақшаларында әртүрлі ҚҚС мөлшерлемесі көзделген. Осылайша, дәрі-дәрмектерді (КБТМКК және МӘМС шеңберінен тыс, орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін) және медициналық бұйымдарды өткізу мен импорт бойынша салық салынатын айналымға, егер бұл тауарлар Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесіне енгізілсе 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5%, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10% төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1204 Қаулысы).
Салық кодексінің 480-бабының 1-тармақшасында ҚҚС төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушылардың ҚҚС сомасын шегерімге жатқызу шарттары белгіленген. Бұдан басқа, Салық кодексінің 210-бабының 1 тармақшасында әртүрлі мөлшерлемені қолдана отырып ҚҚС мақсатында өткізу бойынша айналым жасау кезінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу міндеті көзделген.
Осылайша:
Бұл ретте, салық төлеуші әртүрлі ҚҚС мөлшерлемесін қолдана отырып өткізу бойынша айналымға бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
7. Сұрақ: Емханалар КБТМКК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету бойынша қоса орындаушылар болып табылады. Қоса орындаушылар көрсететін медициналық қызметтер бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылуға жата ма?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасын ескере отырып, егер осындай медициналық қызметтер Тізімге енгізілген болса, дәрілік заттар және медициналық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде медициналық қызметке арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес КБТМКК және МӘМС шеңберінде орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін қызметтері өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 474-бабы 28) тармақшасының ережелері КБТМКК және МӘМС шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге арналған шартта қоса орындаушының тиісті медициналық қызмет көрсету талабы тікелей көрсетілген жағдайда, қоса орындаушы болып табылатын медициналық қызмет көрсетуді жеткізушіге қатысты қолданылады. Шартта мұндай талап болмаған жағдайда КБТМКК және МӘМС шеңберінде қоса орындаушы көрсететін қызметтер бойынша ҚҚС-тан босатуды қолдануға негіз жоқ.