Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерді бақылау-касса машиналарын (БКМ) пайдалану бойынша жаңа талаптар және жұмыс істеуге арналған қолжетімді тегін құралдар туралы хабардар етеді

       Шағын бизнесті қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктер тарапынан БКМ-мен біріктірілген POS-терминалдарды тегін ұсыну мәселесі шешілді. Бұл стационарлық POS-терминалдар немесе телефонға орнатылатын мобильді POS-қосымшалар болуы мүмкін.

Кәсіпкерлер үшін қазірдің өзінде не қолжетімді?

  • Kaspi Bank пен Қазақстан Халық Банкінің POS-терминалдары толыққанды БКМ ретінде жұмыс істейді және штрих-кодтарды сканерлеу функциясымен жабдықталған.
  • Жақын арада осындай функциялар Freedom Bank Kazakhstan және Банк ЦентрКредиттің POS-терминалдарында да іске қосылады.

Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторларымен (ФДО), банктермен және кассалық техника өндірушілерімен бірлесіп, сауда үшін ыңғайлы және автоматтандырылған шешімдерді қалыптастыруда.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №626 бұйрығының жаңартылған талаптары күшіне енеді.

ФДО міндеттеріне мыналар жатады:

  1. Ел аумағы бойынша ФДО қызметтерін көрсету.
  2. Есеп айырысулар туралы деректерді МКК-ге жедел түрде беру.
  3. Ұлттық тауарлар каталогын (ҰТК) пайдалану бойынша сервистерді өз порталдарында орналастыру.
  4. БКМ геолокациялық деректерін МКК беру.
  5. БКМ-ден келіп түсетін деректерге күн сайын мониторинг жүргізу.

БКМ өндірушілерінің міндеттеріне мыналар жатады:

  1. Чек форматын жаңарту: енді чекте ҰТК сәйкес тауарлар мен қызметтердің атаулары міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
  2. Чекті жою функциясын алып тастау - барлық түзетулер тек қайтару чегін ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.

Аталған өзгерістер тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, бизнестің ашықтығын арттыруға, адал бәсекелестікті дамытуға және көлеңкелі айналымды қысқартуға бағытталған.

Кәсіпкерлерден талап етіледі:

  1. БКМ-ді жаңарту
  • Барлық бағдарламалық кассалар 2.0.3 хаттамасына автоматты түрде жаңартылған.
        •    Стационарлық БКМ-нің (Меркурий, Миника, Порт) иелеріне жаңарту үшін техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.
  1. Чекте тауар атауларын көрсету тәртібі?

Ол үшін штрих-код сканерін пайдалану қажет:

  • POS-терминалға кіріктірілген сканер;
  • мобильді БКМ пайдаланылған жағдайда телефон камерасы;
  • стационарлық кассаға арналған жеке сканер.
Дата публикации
23 декабря 2025
Дата обновления
23 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы