Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілерді салықтық тіркеуге байланысты кейбір мәселелер туралы

         Жаңа Салық кодексінің ережелерін іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 640 бұйрығымен «Салық төлеушілерді салықтық тіркеуге байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрық (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілді.

         Бұйрықпен салықтық өтініштер мен хабарламалардың мынадай нысандары бекітілді:

  • тіркеу есебіне қою туралы өтініш;
  • резидент емес тұлғаны Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігі;
  • тіркеу есебінен шығару туралы өтініш;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебіне қою туралы хабарлама;

          - жекелеген қызмет түрлерін (ойын бизнесі) жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама;

          - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш;

          - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама.

          Сондай-ақ, Бұйрықта «Салық төлеушілерді тіркеу», «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі», «Қосылған құн салығы төлеушілерін тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібі көзделген.

          Сонымен қатар, бұйрықтың қорытынды ережелерінде салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату тәртібі, оны жүзеге асыру шарттары мен қарау мерзімдері регламенттелген.

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 640 бұйрығы

          Толығырақ сілтеме бойынша: http://10.61.42.188/rus/docs/V2500037257

Дата публикации
23 декабря 2025
Дата обновления
23 декабря 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы