Меню

Страницы

Статья

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жылжыту кезінде рұқсат құжаттары

        Мемлекеттік кірістер комитеті өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жылжыту кезінде рұқсат құжаттарын алдын ала алудың қажеттілігі туралы еске салады.

       Қазақстан Республикасындағы өзіндік ерекшелігі бар тауарларға бақылау Қазақстан Республикасының «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен бекітілген «Спецификалық тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» (бұдан әрі – Бақылау тізімі) бұйрықпен белгіленген.

      Осы ретте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың жылжуына бақылау жасау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген (Заңның 9-бабының 2-тармағы).

     Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес, экспорт, реэкспорт, импорт, транзит жүзеге асыруға немесе тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияларға) қатысты экстерриториялық брокерлік қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниетті Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары тауарларды Бақылау тізіміне сәйкес сәйкестендіруге міндетті.

      Заңның 11, 12 және 13-баптарында өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, импорты және транзиті лицензиялар мен рұқсаттар негізінде жүзеге асырылатыны айқындалған.

     Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті орган және лицензиялаушы орган болып Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ӨҚМ) табылады.

     Осыған байланысты, сәйкестендіру жөніндегі қорытындыны және (немесе) лицензияны, рұқсатты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы «Электрондық үкімет» порталы – www.elicense.kz, www.egov.kz арқылы ҚР ӨҚМ-ге жүгіну қажеттігін Комитет хабарлайды.

Дата публикации
23 декабря 2025
Дата обновления
03 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы