Меню

Страницы

Статья

«Қазығұрт» және «Темір баба» заманауи технологиялық өткізу пункттері ашылды

       Жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» пункті. Аталған нысандардың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өткенін айта кетейік.

      «Қазығұрт» өткізу пунктінің ресми ашылуына ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

       Мәди Төкешұлы айтқандай, жаңғырту бағдарламасы Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен арадағы шекараларда орналасқан барлығы 9 өткізу пунктін қамтиды. «Қапланбек», «Атамекен», «Қалжат» және «Алакөл» сияқты бірқатар нысандағы жұмыстар аяқталған. Ал жыл соңына дейін «Тәжен», «Майқапшағай» және «Бақты» пункттерін жаңғыртудан өткізу көзделген.

       Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысы мен жүк өткізу процесіне кедергі келтірмей іске асырылды. Осы мақсатта уақытша қозғалыс схемасы ұйымдастырылып, бұл кептелістің алдын алып, жүк және жолаушылар тасымалы үздіксіз жүргізілді.

       Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін азайып, көліктерді өткізу қабілеті тәулігіне 1 000 дейін ұлғайтылды. Қазір жаңартылған өткізу пункттері арқылы көлік ағыны 2,5 есе артты. Мәселен, 2022 жылы шекараны 640 мың автомобиль кесіп өтсе, бүгінде бұл көрсеткіш 1,5 млн-ға көбейді.

      «Қазығұрт» өткізу пункті халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи технологиялық кешен. Мұнда көлікті тіркеудің автоматтандырылған жүйесі, озық сканерлеу жабдықтары, салмақ габаритті жүйелер, сондай-ақ рентген-телевизиялық қондырғылар, «тепловизорлар» және радиациялық бақылау құралдары енгізілді. Қозғалыс ағындары жаяу жүргіншілерге, жеңіл және жүк көліктері үшін бөлінген. Бұл қауіпсіздік пен жайлы қозғалысты арттырады. Жүк көліктері үшін техникалық бақылаудан тоқтаусыз өтуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған дәліздер қарастырылған.

       Инфрақұрылымды жаңартумен қатар министрлік кеден рәсімдерін цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Айталық, Keden ақпарат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, бұл толық интеграцияланған цифрлы кеден жүйесіне көшуді қарастырады. Жүйе экспресс-жүктермен жұмысты, тауарларды есепке алуды және виртуалды қоймаларды автоматтандырды. Қазір жасанды интеллект негізінде тауарлар мен қызметтерді декларациялау модулін іске қосу қолға алынған. Мақсат – электронды декларацияның толық циклін аяқтап, 2026 жылдан бастап тиімділікті бақылау, сараптау және бағалау үшін жаңа модульдерді енгізу болып саналады. Бұл бизнес үшін жұмысты айтарлықтай жеңілдетіп, қызмет жеделдігін нығайтады.

      Бұдан бөлек сәуірде Өзбекстанмен шекарадағы «Жібек жолы» өткізу пунктін ауқымды жаңғырту басталған болатын. Жаңа кешен жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді алып жатқан екі заманауи жолаушылар терминалын және автокөлікке арналған бірыңғай шатырды қамтиды. Тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін 2026 жылы шілдеде өткізу пунктінің қабілеті тәулігіне 70 мың адамға дейін және 2 мың жеңіл автомобильге дейін өседі деп көзделген.

       Тағы бір инновациялық бағыттардың бірі – Қытаймен бірлесіп қолға алынған «Бақты-Покиту» жобасы саналады. Қытай тарапы екі аумақта да толық автоматтандырылған логистикалық орталықтар құруға шамамен 50 млн доллар көлемінде инвестиция жұмсамақ. Жоба аясында жүктерді тасымалдауға ұшқышсыз басқарылатын электр шаттлдарын пайдалану, «ақылды» логистиканы, AGV-терминалдарды, зарядтау стансаларын енгізу және бүкіл өңірдегі ең технологиялық көлік дәліздерінің бірін құрып, екі мемлекеттік цифрлы жүйелерінің толық интеграциясын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

       «Жаңа өткізу пункттерін іске қосу – мемлекеттік органдардың, мамандардың, инженерлердің, құрылысшылардың және шекара қызметтерінің бірлескен жұмысының жемісі. Біз экономиканы дамытуға әсер етіп, Қазақстанды ашық, сенімді және бәсекеге қабілетті транзитті хаб ретінде айқындайтын заманауи, технологиялық және жайлы инфрақұрылымды құруға мән беріп келеміз. Бұдан басқа өткізу пункттерін жаңғырту – Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру жөніндегі жүйелі қадам. Біз сауданы арттырып, бизнестің жұмысын жеңілдететін және Қазақстанды аймақтың негізгі логистикалық торабына айналдыратын заманауи инфрақұрылым құрып жатырмыз», деді М.Такиев.

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы