Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушінің төлқұжатын жасау ережелері мен мерзімдері

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесін, оны қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 917 Бұйрығының (бұдан әрі — бұйрық) бекітілгені туралы хабарлайды. Құжат Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 36-бабы
4-тармағын іске асыру мақсатында қабылданды.

      Бұйрық салық құпиясына жатпайтын салық төлеушілер туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай деректерді жария орналастыру тетігін енгізу азаматтарға, сатып алушыларға және қызмет пайдаланушыларға оның тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде өтініштер мен шағымдарды кейіннен жіберу үшін салық төлеушіні сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

      Қабылданған нормалар қоғамдық бақылаудың тиімді құралын құра отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттырады. Мәліметтердің ашықтығы салық жүйесіне деген сенімді нығайтуға және салық заңнамасын сақтау деңгейін арттыруға ықпал етеді.

     Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші халықты хабардар ету үшін салық төлеушінің паспортын тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және жалпыға бірдей қолжетімді жерлерге орналастыруға міндетті.

     Салық төлеушінің паспорты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы