Меню

Страницы

Статья

Қытай Халық Республикасынан Қазақстан арқылы өтетін теміржол транзитінің өсуі: рәсімдерді жеделдету және цифрландыру

       2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропа және Орталық Азия елдеріне жүк теміржол транзиті саласында оң динамика байқалуда.

      Осылайша, Қытай Халық Республикасынан темір жол көлігі арқылы әкелінген транзиттік тауарлардың көлемі 11,04 миллион тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен (9,93 млн тонна) салыстырғанда 11% немесе 1,11 миллион тоннаға артық.
      Транзиттің өсуі Қазақстанның негізгі көлік-логистикалық торап ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын дәлелдейді және халықаралық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде темір жол көлігінің маңыздылығын айқындайды.

       Жүктерді рәсімдеу рәсімдерінің ашықтығын арттыру және жеделдету мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-мен бірлесіп цифрландыру шараларын жүзеге асыруда.

       2023 жылдың желтоқсан айынан бастап темір жол транзитін автоматтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жоба Қытай – Орталық Азия және Қытай – Еуропа бағыттары бойынша жүретін жүктерге арналған транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеу мен шығаруды көздейді.

       Пилот шеңберінде 2025 жылдың 10 айында 2,5 миллион тонна жүк рәсімделді.
Жобаны іске асырудың мақсаты – рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, кедендік рәсімдерді жеделдету мен оңайлату, сондай-ақ транзиттік бағыттардағы пойыз қозғалысын оңтайландыру.

      Нәтижесінде бір контейнерлік пойызды рәсімдеу уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

Дата публикации
19 ноября 2025
Дата обновления
19 ноября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы