Меню

Страницы

Статья

Сән-салтанат салығы

        Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) 2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған «сән-салтанат салығы» ретінде жеке салық түрі көзделмеген. Соған қарамастан, жекелеген жеке тұлғалардың мүлкінің кейбір санаттарына салық салу нормалары бекітілген.

       Атап айтқанда, келесі мүлік түрлері айқындалған:

       Құны 18 000 АЕК және одан жоғары автокөліктер (сатып алынған көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі);

       Құны 24 000 АЕК және одан жоғары яхталар мен ұшақтар (сатып алынған көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі);

       Құны 500 000 теңгеден асатын алкоголь өнімдері (бір литрге шаққандағы теңгемен көрсетілген құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады);

       Құны 10 000 теңгеден асатын темекі өнімдері (сигаралар) (бір данаға теңгемен көрсетілген құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады);

      Жылжымайтын мүлік (пәтер, тұрғын үй және т.б.) – бір меншік иесінің атына тіркелген барлық объектілердің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асса, онда мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.

     Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мақсатында жылжымайтын мүлік құнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Корпорация) айқындайды. Бұл ретте, Корпорация белгілеген салық салу объектілерінің құны, көбінесе, олардың нарықтық құнынан едәуір төмен.

     Корпорация тұрғын үй мен саяжай құрылыстарының құнын есептегенде сән-салтанат коэффициенті ретінде 1 бірлік пайдаланылады. Алайда, жергілікті өкілді органдардың шешімімен бұл коэффициент ең көп дегенде 50%-ға дейін арттырылуы мүмкін.

     Егер бір тұлғаның меншігіндегі барлық салық салу объектілерінің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асып кетсе, онда салық мөлшері былай есептеледі:

      2 946 600 теңге + 450 млн теңгеден асатын сомаға 2% мөлшерінде.

      Ал, жиынтық құны көрсетілген шектен аспайтын мүлік болса, онда әр объектінің құнына жеке-жеке салық салынады.

 

Дата публикации
03 октября 2025
Дата обновления
03 октября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы