Өтініш берушінің уәкілетті органға қызметтің басталғаны туралы хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы беруі өтініш берушінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізуге негіз болып табылады.
Хабарламаға:
1) егер Заңның 12-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші болып табылған жағдайда – әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссияның шешімі қоса беріледі.
Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі осындай емтиханды тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады;
2) егер Заңның 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші болып табылған жағдайда – кәсіби бухгалтердің сертификаты қоса беріледі.