Меню

Страницы

Статья

Қытаймен шекарада "Достық" жаңа өткізу пункті жұмыс істей бастады

       Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде кеден «Алаколь» бекеті құрылысының аяқталғаны туралы хабарлайды. 2025 жылғы 12 мамырдан бастап өткізу пункті толық көлемде жұмыс істеуде.

       Жаңа нысан «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру» жобасы шеңберінде салынды. Бұл жобаны іске асыру сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыруға, шекарадан өту уақытын қысқартуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен азаматтар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған.

       Қазіргі заманғы «Достык» өткізу пункті автоматтандырылған кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлеріне арналған барлық қажетті технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

       Жаңғыртудың негізгі нәтижелерінің бірі жолақтардың санын екіден алтыға дейін арттыру болды. Бұл өткізу қабілеттілігін тәулігіне 800 автомобильге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, шекарадан өту уақыты едәуір қысқарады және халықаралық тасымалдардың логистикасы жеңілдетіледі.

       Жаңа кеден бекетінің ашылуы шекара маңындағы инфрақұрылымды нығайту, ел және ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетінің өткізу қабілетін арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.

Дата публикации
01 августа 2025
Дата обновления
03 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы