Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен Қытай «Ақылды кеден» пилоттық жобасын іске қосуда

       Бақты, 2025 жылғы 21 шілде — Қазақстан мен Қытай «Ақылды кеден» атты инновациялық пилоттық жобаны қазақстан-қытай шекарасында жүзеге асыруға кірісті. Бастама шеңберінде «Бақты» (ҚР) – «Покиту» (ҚХР) шекаралық өткізу пункттері арқылы жүргізушісіз жүк тасымалын іске қосу жоспарлануда.

     Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Тачэн қаласы партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэйдің мырзамен жұмыс кездесуінде келісілді.

       Жобаның негізгі ерекшеліктері:

жүргізушінің қатысуынсыз шекараны автоматты түрде кесіп өту үшін жүргізушісіз көлік құралдарын (AGV) пайдалану;

       екі ел де мойындайтын бірыңғай электрондық декларацияны іске қосу;
       қолмен жасауды барынша азайта отырып тәулік бойы жүк қозғалысын қамтамасыз ету;

        жүк тасымалын толық цифрлық сүйемелдеу және ресімдеу;
        автоматтандырылған навигация мен бақылауды енгізу.

        Күтілетін нәтиже:

        жүк ағынын жылына 10 миллион тоннаға дейін ұлғайту;

        кедендік ресімдеу уақытын едәуір қысқарту;

        көлік шығындарын азайту;

        логистикалық операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру;

        автокөлік инфрақұрылымының жүктемесін азайту және логистикалық хабтарды дамыту;

         ауыл шаруашылығы өнімдерінің, соның ішінде астық, майлы дақылдар, ет және қайта өңделген өнімдердің экспортын ынталандыру.

         Экономикалықмаңызы:

         Бұл бастама шекара маңы инфрақұрылымын жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестиция тартуға серпін береді. Жобаны іске асыру Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік торап ретіндегі позициясын күшейтеді.

         Сапар шеңберінде жобаны бірлесіп іске асыруға, іс-қимылдарды үйлестіруге және кедендік әрі логистикалық рәсімдерді цифрландыру саласында тәжірибе алмасуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Дата публикации
23 июля 2025
Дата обновления
23 июля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы