Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен Тәжікстан кедендік ынтымақтастықты нығайтады: алдын ала ақпарат алмасу туралы Хаттамаға қол қойылды

       2025 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Қытай кеден қызметтері басшыларының Екінші кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кеден қызметінің төрағасы Хуршед  Каримзода арасында екіжақты келіссөздер өтті.

       Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

       Келіссөздердің басты нәтижесі — алдын ала кедендік ақпарат алмасу туралы Хаттамаға және ақпарат алмасудың Техникалық шарттарына қол қойылды. Бұл құжаттар деректер форматын, байланыс арналарын және ақпараттық қауіпсіздік шараларын айқындайды.

        Аталған құжатты іске асыру сыртқы экономикалық қызметтің ашықтығын арттырып, тәуекелдерді алдын ала талдауға және тауарлар қозғалысын кідіріссіз бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

       Қазақстан тарапы Тәжікстан Республикасы Кеден қызметімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде тұрақты жұмыс кеңестері мен көшпелі жиындар өткізуге дайын екенін білдірді. Мұндай тәсіл туындайтын мәселелерге жедел әрекет етуге, өзара түсіністікті нығайтуға және тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

       Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға бейілді екендерін растады.

Дата публикации
18 июня 2025
Дата обновления
18 июня 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы