Меню

Страницы

Статья

Тасымалдаушылардың назарына: Ресей Федерациясының шекарасындағы уақытша жұмыстар туралы ақпарат

       МКК сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен тасымалдаушыларды іргелес мемлекеттің аумағында алдағы жөндеу жұмыстары туралы хабардар етеді.
        Орынбор облысы бойынша Ресей Федерациясының ФҚҚ Шекара басқармасының ресми ақпаратына сәйкес:
        1. 2025 жылғы 19-29 мамыр аралығында "Маштаково" автокөлік өткізу пунктінде (Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығу бағыты) инспекциялық-тексеру кешенінің негізін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
        2. Сондай-ақ, 2025 жылғы 19 мамыр мен 30 қараша аралығында Ресей Федерациясының уәкілетті органдары "Теплое" екіжақты автокөлік өткізу пунктінің аумағында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жоспарлады.
        Жөндеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде өткізу пункттерінің жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылатын болады, олардың жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер көзделмеген.
        Сонымен қатар, "Сырым" және "Тасқала" қазақстандық өткізу пункттерінің маңында көлік құралдарының қозғалысына уақытша қиындықтар туындауы және кептелістер болуы мүмкін.
       Осыған байланысты МКК тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше мемлекеттік шекарадан өту кезінде балама бағыттарды пайдалануды ұсынады.

Дата публикации
18 июня 2025
Дата обновления
18 июня 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы