Меню

Страницы

Статья

Жаңа Салық кодексі бизнесті қолдауға бағытталған: енді аз мөлшердегі салық берешегі үшін банктік шоттар бұғатталмайды

       Салық кодексінің қолданыстағы нормасына сəйкес салықтық берешегі болған жағдайда мəжбүрлеп өндіріп алу тəсілдері мен шаралары банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды қоспағанда, тəуекелдерді басқару жүйесінің нəтижелерін ескере отырып, 1 теңге және одан да жоғары сомаға қолданылады, мұнда салықтық берешегі 6 АЕК-тен жоғары болған кезде шоттарға ауыртпалық салынады.

       ​Мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шараларын қолдану басталғанға дейін орта және жоғары тәуекел деңгейіндегі салық төлеушіге салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі (салық берешегі пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей).

       ​Жаңа Салық кодексінің жобасында салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдану кезінде тәуекел дәрежесіне байланыстыруды алып тастай отырып, сараланған тәсілді енгізу ұсынылуда:
       салықтық берешегі 20 АЕК-тен кем болған жағдайда - салық берешегінің бар екендігі туралы ескертпе жіберіледі жəне өсімпұл есептеледі, басқа шаралар қолданылмайды;
       салықтық берешегі 20 – дан 45 АЕК-ке дейін болған жағдайда - салық төлеушінің атына өсімпұл есептеле отырып, салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі, банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады, инкассалық өкімдер қойылады;
       салықтық берешегі 45 АЕК-тен астам болған жағдайда - мүліктің тізімдемесі мен сатылуын, дебиторлар есебінен өндіріп алуды, жеке кəсіпкер мен заңды тұлғаның лауазымды тұлғасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын шектеуді (сот санкциясы негізінде 3 ай ішінде берешек өтелмеген жағдайда), банкроттықты қоса алғанда, барлық шаралар қолданылады.​

Дата публикации
12 июня 2025
Дата обновления
12 июня 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы