Меню

Страницы

Статья

Электрондық кезек: автотасымалдаушылар білуі тиіс барлық маңызды ақпарат

          2025 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-мен бірлесіп, өткізу пункттерінде «CargoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің (бұдан әрі – ЭКЖ) жұмыс істеуіне қатысты автотасымалдаушылар көтерген мәселелер бойынша түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға Алматы қаласының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Қазақстанның Автомобиль Тасымалдаушылары мен Экспедиторлары Одағы» ЖК мен ЗТБ өкілдері, «Жүк көлігінің жүргізушілері мен меншік иелерінің республикалық қауымдастығы» ЖК мен ЗТБ, «Қазақстан Республикасының Халықаралық Автомобиль Тасымалдаушылары Одағы» (ҚазАТО) ЖК мен ЗТБ, «Қазақстан Республикасының ірі габаритті және ауыр салмақты жүктасымалдаушыларының Ұлттық қауымдастығы» ЖК мен ЗТБ және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қатысты.

        Кездесу барысында ЭКЖ-дағы қолданыстағы брондау жүйесіне, оның ішінде кезек қалыптастыру тәртібі мен слоттардың қолжетімділігіне қатысты жан-жақты түсініктемелер берілді.

       Сондай-ақ, ЭКЖ арқылы алынатын төлемдерден түскен түсімдердің қалыптасуына қатысты мәселелер түсіндіріліп, тасымалдаушылар төлеген барлық қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсетіні ерекше атап өтілді.

      Өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Комитет осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіп, жүктерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу процестерін оңтайландыру мақсатында Қытайдың Бас кеден басқармасымен өзара іс-қимыл жасауда. Комитет өткізу пункттері арқылы өткізілетін көлік құралдарының санын арттыруға техникалық мүмкіндіктерге ие екені айтылды, алайда қазіргі уақытта ЭКЖ-де слоттар санын көбейту Қытай тарапынан көлік құралдарын қабылдаудың шектелуіне байланысты мүмкін болмай отыр.

       Сонымен қатар, жүйеде адал емес тасымалдаушыларға қатысты өтінімдерді жою жағдайы түсіндірілді. Электрондық кезек ережелерін жүйелі түрде бұзатын пайдаланушыларға ғана бұғаттау шаралары қолданылғаны және адал тасымалдаушыларға әсер етпегені, олардың жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатқаны атап өтілді.

       Кездесу соңында ЭКЖ ТМД елдерінде баламасы жоқ жүйе екені, өткізу пункттері аймағындағы километрлік кептелістерді жоюды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуды және процестерді цифрландыру арқылы өткізу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететіні айтылды.

Дата публикации
12 июня 2025
Дата обновления
12 июня 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы