Меню

Страницы

Статья

МКК жалған хабарламалар туралы хабарлайды

       Құрметті салық төлеушілер!

    Бүгінгі таңда интернет-алаяқтар «Салықты төлеу қажеттілігі туралы ескерту» деген тақырыппен фейк хабарламаларды электронды пошта арқылы немесе WhatsApp желісі арқылы жіберуді жалғастыруда.

     МКК ескертеді, барлық хабарламалар мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жасалып, нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген.
ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады.

     МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек "салық төлеушінің кабинетіне", "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне және "e-Salyq" мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.

      Осыған байланысты, МКК абай болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражаттарын аудармауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сұраған деректерді (Аты-жөні, байланыс нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа мәліметтер) толтырмауға және ұсынбауға, сондай-ақ алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.

     Маңызды! МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайды.

Дата публикации
10 июня 2025
Дата обновления
03 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы