Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен БАӘ-нің кеден органдары стратегиялық әріптестікті арттыру және жаңа бастамаларды іске қосу жөнінде келісімге келді: цифрландыру, ашықтық және сенімге негізделген басымдық

     

     12.05.2025 ж. Астанада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Абу-Даби кеден басқармасының бас директоры Рашед Лахедж Аль-Мансури мырзаның екіжақты кездесуі өтті.

    Кездесу цифрлық кедендік әкімшілендіру саласындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту және өңірлік логистикалық интеграцияны нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
Қазақстандық тарап БАӘ кеден органдарының автоматтандыру, тәуекелдерді басқару және бизнес-процестерді трансформациялау саласындағы прогрессивті тәжірибесін жоғары бағалады. Келіссөздер барысында Қазақстан Ұлттық реформалар шеңберінде Әмірліктердің үздік тәжірибелерін енгізуге және өңірлік цифрлық логистиканы ілгерілетуде сенімді серіктес болуға дайын екендігі атап өтілді.
          Негізгі уағдаластықтар мен ынтымақтастық бағыттары кедендік деректердің электрондық алмасуын пилоттық режимде іске асыруды, басым тауар санаттары бойынша тәуекелдер профильдерін әзірлеуді және болжамды талдау технологияларын қолдануды қамтиды.
     Тараптар Қазақстанның логистикалық тораптарын БАӘ порттарымен байланыстыратын цифрлық транзиттік маршрутты құру жөніндегі қадамдарды талқылады.
         Абу-Даби кеден басқармасы Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандарына арналған жасанды интеллект жүйелері мен байланыссыз кедендік бақылау бойынша сараптамалық воркшоптар мен тағылымдамаларды қамтитын бірқатар іс-шаралар өткізуді ұсынды.
        Халықаралық цифрлық стандарттарға (бақылаудан кейінгі, үлкен деректерді талдау) бағытталған мамандарды даярлау мақсатында алмасу бағдарламаларын іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
       «Біздің ынтымақтастығымыз тек үздік тәжірибелермен алмасу ғана емес, сонымен қатар жаңа шешімдерді бірлесіп әзірлеу. Бүгінгі кездесу біздің кеден қызметтеріміз арасындағы жоғары сенім деңгейін және нақты нәтижелерге қол жеткізуге деген екіжақты ұмтылысты көрсетті», — деп атап өтті Жандос Дүйсембиев.
         Тараптар цифрлық сауда және шекарааралық рәсімдерді жеңілдету саласындағы ортақ мүдделерді ілгерілету үшін БСҰ және басқа халықаралық платформалар аясында үйлестіруді күшейтуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл жүктерді бақылау мен жеделдетіп ресімдеуді өзара тануға, сондай-ақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымның әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

Дата публикации
13 мая 2025
Дата обновления
13 мая 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы