Меню

Страницы

Статья

Шетелдік интернет-платформалар: «Google салығы» Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономикада ашықтық пен әділетті салық салуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. 200-ден астам юрисдикцияның салық әкімшіліктерімен бірлесе отырып, ел аумағында қызмет көрсететін халықаралық онлайн-компаниялардың қызметі бақылауда.

        Осы бағыттағы негізгі қадамдардың бірі – 2022 жылы цифрлық қызметтерге салық енгізу болды, ол «Google салығы» деген атаумен танымал. Бұл салық қазақстандық тұтынушыларға цифрлық қызмет көрсететін халықаралық компаниялар үшін тең бәсекелестік жағдай жасайды және мемлекеттік бюджетке түсетін кірісті арттыруға ықпал етеді.

      Кімдер салық төлейді? Салық енгізілген сәттен бастап 105 шетелдік компания тіркелді. Олардың ішінде: Twitch Interactive, Inc. – қазақстандық геймерлер мен блогерлер арасында танымал ірі стриминг платформасы.

      Take-Two Interactive Software, Inc. – Grand Theft Auto, Red Dead Redemption, NBA 2K сияқты танымал ойын франшизаларымен белгілі, әлемдік ойын индустриясының көшбасшыларының бірі.

      InGroup International LLC (INCruises) – мүшелік жүйесі арқылы круиздік саяхаттарды ұсынатын халықаралық туристік компания.

     1688.com PTE. LTD. – Alibaba тобына тиесілі, өндірушілер мен бизнес өкілдерін бүкіл әлем бойынша байланыстыратын ең ірі B2B маркетплейстердің бірі.

      Нәтижесі қандай? Цифрлық қызметтер салығы енгізілген сәттен бастап Қазақстан бюджетіне 83 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл көрсеткіштер тиімді салық әкімшілігін жүргізу мен елдегі цифрлық экономиканың тұрақты өсіп келе жатқанын дәлелдейді.

      Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық цифрлық платформалармен өзара әрекеттесу және салықтық реттеу тетіктерін жетілдіруді жалғастырып, ашықтықты, әділетті салық салуды және заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуде.

Дата публикации
13 мая 2025
Дата обновления
13 мая 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы