Меню

Страницы

Статья

Кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау хабарламалары

         Мемлекеттік кірістер комитеті 20-26 наурызда ағымдағы жылдың 5-6 ақпанында қалыптастырылған камералдық бақылау хабарламаларын орындау бойынша мерзімдер аяқталатынын хабарлайды.

         Салық кодексінің 24-бабы 19-тармағы шеңберінде, салық органдары екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың ағымдағы шотына төлем карточкалары (POS-терминалдар) және мобильді төлемдер (QR төлемдері) арқылы түскен қаражаттар туралы мәліметтерді алады.

        Аталған мәліметтерді 2023 жылғы бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) көрсеткіштері мен салық декларацияларымен салыстырылып талданды.

        Анализ нәтижесінде кірістерді төмендету фактілері анықталып, мемлекеттік кірістер органдарымен камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырылды.

       Талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары «Кірісті төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырды.

       Хабарламаны орындау үшін:

      1) егер салық төлеуші көрсетілген бұзушылықтармен келіссе – хабарламаға сәйкес салықтық есептілікті ұсыну қажет;

      2) келіспеген жағдайда – растайтын құжаттарды (шот бойынша банктен үзінді) қоса бере отырып, қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге қажет.

      Мұндай хабарламаларды белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғатынын атап өтеміз.

      Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен кәсіпкерлерге ақшалай есеп айырысуларды жүргізу кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ міндетті қолдану қажеттілігі туралы еске салады (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағы).

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес БКМ қолдану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (бірінші бұзушылық – ескерту, қайталап бұзған жағдайда – 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл салу).

 

Дата публикации
23 апреля 2025
Дата обновления
03 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы