Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы: не маңызды білу қажет және қашан төлеу керек

      Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салады.

       2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

      Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.

      Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

      Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2025 жылғы 11 наурыздан 31 наурызға дейін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберіледі.

     Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.

Дата публикации
22 апреля 2025
Дата обновления
22 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы