ҚР ҚМ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
2023 жылғы ақпарат
2023 жылы МКК Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында мынадай іс-шаралар өткізілді, оның ішінде әр түрлі танымал алаңдар:
- ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында – 10 баспасөз конференциясы;
- МКК алаңында 4 баспасөз конференциясы салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша «БАҚ өкілінің сұрағы - МКК спикерінің жауабы» форматында, жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар;
- Zakon.kz, «Параграф», «Учет.КЗ» танымал алаңдарында 23 онлайн-конференция және «egov.kz» порталында;
- Республикалық телеарналарға 400 сұхбат;
- 692 пресс-релиздер жарияланды;
- Youtube МКК арнасында 39 тікелей эфир, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде;
- 1661 деректер әрбір әлеуметтік желілерінде дайындалып (Instagram, Facebook, Telegram, Twitter) желілерінде орналастырылды;
- әлеуметтік желілерде 45 цифрлық бейнеролик орналастырылды және МКК бастамасы бойынша 24 оқыту бейнероликтері орналастырылды (eSalyq Azamat, SalyqBot, Keden.kz және т.б.);
- Instagram, facebook, telegram желілерінде 12 орфографиялық материал орналастырылды;
- әлеуметтік желілерде МКК қызметкерлері туралы 34 имидждік бейнеролик және 7 имидждік мақала орналастырылды.
Қазіргі уақытта Республика бойынша мемлекеттік кірістер органдарында әр түрлі әлеуметтік желілерінде 1 412, 6 мың оқырманы бар жұмыс 661 ресми аккаунттар жасайды (Instagram, Telegram, Twitter, Facebook, Youtube).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Мектеп жасындағы балалар, жастар, этнос топтары, діни бірлестіктердің өкілдері және т.б. субъектілері болып табылатын нысаналы топты айқындай отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастырудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін ұштастыру жөніндегі шаралар кешені әзірленді.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдарының 42 мемлекеттік қызметтерінің 38-і электрондық форматқа (немесе 91%) ауыстырылды, оның ішінде 15-і баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы», 13-і мемлекеттік кірістер органдарының баламасыз негізде (электрондық түрде).
2023 жылдың қорытындысы бойынша МКК-ға барлығы 20,462 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде 20,614 мың немесе 99,3%.
Қазіргі уақытта МКК-ның 42 электрондық мемлекеттік қызметінен мобильді қосымшаларға 17 мемлекеттік қызмет (40%) шығарылды.
Бұдан басқа, «Нalyk bank», «RBK bank», «Kaspi bank», «Eurasia bank», «ForteBank»,«Jusan Bank» АҚ сияқты банктердің мобильді қосымшаларында осы банктердің клиенттеріне салық есептілігін табыс етудің алдағы мерзімдері, берешегі және ЖТ алдағы төлемдері туралы Push-хабарламалар жіберіледі.
Тәуекелдерді басқару жүйесі
ТБЖ АЖ тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай мақсаттарда қолданылады:
- тәуекел дәрежесін бағалау негізінде салықтық тексерулерге субъектілерді іріктеу (2021 жылы – 266 СТ, 2022 жылы – 856 СТ, 2023 жылы – 663 СТ);
- оларды төмен, орташа немесе жоғары тәуекел дәреже санаттарына жатқызу жолымен СТ және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттау (2 754,9 мың СТ және 61 895 СЭҚҚ);
- қосылған құн салығының асып кету сомасының дұрыстығын растау (2023 жылдың басынан бастап ТБЖ АЖ қолдану есебінен 56 124,0 млн. тенге сомасына жеңілдетілген тәртіп бойынша 16 СТ ҚҚС қайтарудан алынып тасталды).
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды кеңейтілді. Қазіргі уақытта субъектіге бағытталған тәсіл және деректерді зияткерлік талдау енгізілуде. Ол қателіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан басқарудағы ең тиімді құрал «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін енгізу.
Компаниялардың тауарлары мен қызметтері бойынша барлық мәмілелерді бақылауға мүмкіндік береді және олардың кірістерінің толық көрінісін тексеруге мүмкіндік береді.
Жүйе онлайн режимде жұмыс жасайды.
Экспорттық - импорттық операцияларын жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат құжаттарын және кеден қызметтерін аул үшін қолайлы жағдайлар көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап «Бірыңғай терезе» порталы жұмыс істейді.
«Астана-1» АЖ-не «Кеден тексерудің электрондық актісі» модулін енгізу.
Бизнес үшін барынша ыңғайлы және қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, сыртқы шекарада орналасқан барлық автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесі құрылды.
ЭКЖ барлық тасымалдаушыларға ашық қолжетімді, бұл Мемлекеттік шекара арқылы кесіп өтуден транспаренттік және мемлекеттік органдар қызметіне сенім денгейін арттырады.
Қаржы министрлігі және МКК Бас диспетчерлік басқармасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғыртуды техникалық жете жарақтандыруды жүргізуде.
Іске асыру мерзімі – 2024 жылдың 4 тоқсаны.
2022 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі сәтті іске қосылды. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Осы рәсімді ауыртпалықсыз енгізу мақсатында бірінші кезең басталғанға дейін МКК жүйелері уәкілетті органдардың дерекқорларымен біріктірілген.
1 кезен бойынша 576 мың. адам декларация тапсырды.
2 кезен бойынша 2,1 млн.адам декларация ұсынды.
Бүгінгі таңда 3 кезен аясында декларация тапсыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік кірістердің барлық органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша салықтық және кедендік әкімшілендіруде 104 сыбайлас жемқорлық тәуекелі белгіленді. Бүгінгі таңда 16 тәуекел жойылды.