Меню

Страницы

Статья

2024 жылға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау жөніндегі іс-шаралар жоспары

ҚР ҚМ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2024 жылғы ақпарат

 

         2024 жылы МКК Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында й іс-шаралар өткізілді, оның ішінде әр түрлі танымал алаңдарда:

         - ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында – 29 баспасөз конференциясы;

         - 137 бизнес-қоғамдастықпен онлайн/офлайн конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, ҚР барлық өңірлері бойынша халыққа арналған көшпелі семинарлар, оның ішінде «Қарызсыз қоғам» жобасының кеңесшілері, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, облыстық білім, деңсаулық сақтау басқармалары, аудандық, әкімшілік, қалалық соттар судьяларының қатысуымен, сондай-ақ, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен, «Параграф», «Учет.кз», «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы танымал алаңдарында вебинар, семинарлар және дөңгелек үстелдер, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау Комитетімен, «1-С Қазақстан», «Табысты бухгалтерлер клубы», А.Масатбаев салық кеңесшісімен, блогер Д.Сатжан және т.б., сондай-ақ, «egov.kz» порталында; 

         - Республикалық телеарналарға 452 сұхбат;

         - 532 пресс-релиздер жарияланды;

         - Youtube МКК арнасында 62 тікелей эфир, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде;

         - 1 286 деректер әрбір әлеуметтік желілерінде дайындалып (Instagram, Facebook, Telegram, Twitter) желілерінде орналастырылды;

         - әлеуметтік желілерде 30 цифрлық бейнеролик орналастырылды және МКК бастамасы бойынша оқыту бейнероликтері орналастырылды (eSalyq Azamat, SalyqBot, Keden.kz және т.б.);

         Қазіргі уақытта Республика бойынша мемлекеттік кірістер органдарында әр түрлі әлеуметтік желілерінде 1 ,8 млн. оқырманы бар жұмыс 811 ресми аккаунттар жұмыс жасайды (Instagram, Telegram, Twitter, Facebook, Youtube).

         Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру

         Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 42 мемлекеттік қызметтің 38-і электрондық форматқа ауыстырылды (яғни 90%). Оның ішінде 15 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы негізде, ал 13 қызмет тек электрондық түрде ұсынылады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары барлығы 21 048 мың мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 20 881 мың немесе 99,2%-ы электрондық форматта ұсынылды.

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетудің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге Комитеттің электрондық сервистерін дамыту шаралары, сондай-ақ оларды электрондық үкімет пен екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) мобильді қосымшаларына шығару ықпал етті. Қазіргі уақытта салық төлеушілер мемлекеттік қызметтерді келесі тәсілдермен ала алады:

         - Салық төлеушінің кабинеті;

         - Комитеттің порталы kgd.gov.kz;

         - Комитеттің ашық API сервистері;

         - «Электрондық үкімет» порталы eGov.kz;

         -«eLicense.kz» порталы;

         - «eGov mobile», «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Kaspi bank», «Halyk bank», «Bank Centre Credit», «Home Credit Bank» және басқа да мобильді қосымшалар.

         38 электрондық мемлекеттік қызметтің 17-сі «eGov mobile» және «eGov Business» мобильді қосымшаларына шығарылған (оның ішінде жалпыға бірдей декларациялау бойынша 250.00, 270.00 нысандары бойынша салық есептілігін қабылдау қызметі) және 8 сервис.

         Бұдан бөлек, ЕДБ мобильді қосымшаларында 10-нан астам сервис қолжетімді, оның ішінде ЖК тіркеу сервисі, салық есептілігін қабылдау қызметі (910.00, 250.00, 270.00 нысандары) және басқа да қызметтер.

         Кедендік декларациялау саласында қосымша мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша уақытша шектеулерді көрсете отырып, кедендік декларациялау саласында жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша 18 тәртіпті әзірлеу кедендік әкімшілендірудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау қажеттілігіне негізделген.

         Жасырын қызметтердің нақты реттеу сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларына уақыт пен қаржылық шығындарды болжауға мүмкіндік береді, бизнесті жүргізуді жеңілдетеді және бюрократиялық жүктемені төмендетеді.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты («QazTrack» ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» 2024 жылғы 13 мамырдағы № 288 бұйрығы).

         Бақылау өндіруші мен импорттаушыдан тұтынушыға дейін алкоголь өнімдеріне жапсырылған ағымдағы есепке алу-бақылау маркасының (ЕБМ) негізіндегі QR кодын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

  1. Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы бұйрығына сәйкес № 73 «Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 15 ақпаннан 2025 жылғы 31 наурызға дейін сыра қайнату өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

         2024 жылғы 19 маусымдағы Заңмен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына соттан тыс банкроттық рәсімін оңайлату бөлігінде өзгерістер енгізілді.

         Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес, өтініш беруші өтініште кредитор туралы мәліметтерді, берешек сомасын көрсету және кез келген құжаттарды қоса беру міндетінен босатылады. Бұл ақпаратты уәкілетті орган кредиттік бюроның деректер базасымен интеграциялау арқылы қабылдайды.

         «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» (СӘИЖ) жаңа ақпараттық жүйесін іске қосу шеңберінде оңалту және банкроттық рәсімдерінің бизнес-процестерін цифрландыруды көздейтін «Оңалту және банкроттық» модулі енгізілді және іске қосылды, сондай-ақ СӘИЖ «Салық төлеушінің кабинеті» ішкі жүйесі іске қосылды.

         Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 411-бабында кедендік және өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеру өткізу мерзімін реттеу бойынша түзетулер әзірленіп, олар Қазақстан Республикасының "Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың дамуы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілді.

         Тәуекелдерді басқару жүйесі

         «Тәуекелдерді басқару жүйесі» АЖ (әрі қарай – ТБЖ АЖ) салық төлеушілердің тәуекел дәрежесін, олардың құжаттары мен салық есептіліктерін, сонымен қатар олардың шаруашылық іс-әрекеттерін бағалау, салықтық бақылау шараларын қолдану мақсатында сенімсіз салық төлеушілерді анықтау үшін  құрылды.

         2024 жылы ТБЖ АЖ-де 5 тәуекел үлгісі әзірленіп, 15-і модификацияланды. Оның ішінде 14 тәуекел үлгісі тікелей әсер әкеледі, олардың нәтижелері бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау іске асырулары жүргізіледі.

         2024 жылдың қорытындысы бойынша 492 автоматтандырылған камералдық бақылау іске асырулары жүзеге асырылды, 15,4 трлн. теңге сомасына 513 087 хабарлама, 11,5 трлн. теңге сомасына 487 532 хабархат жіберілді.

         Заңды тұлғалардың бекітілген шекті көлемдерден артық мөлшерде қолма-қол қаражат құралдарын шешуін бақылау бойынша ЕДБ-мен өзара әрекеттесу жүргізіледі. Нәтижесінде 2024 жылы қолма-қол қаражат беруге 2 трлн. теңге сомасына 3 846 өтінім қабылданып, оның ішінде 12 млрд. теңге сомасына 223 өтінімнен бас тартылды. 

         ТБЖ АЖ шеңберінде 17,5 млрд. сандық құжаттар өңделді:

         - 1,4 млрд. электрондық шот-фактуралар;

         - 15,5 млрд. онлайн БКМ чектер;

         - 610 млн. салық есептілігі нысандары;

         - 1,6 млн. тауарларға декларациялар;

         - 3-тұлғалар деректер қоймаларының 29 көзінен мәліметтер.

         Қашықтықтан басқарудағы ең тиімді құрал «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін енгізу.

         Компаниялардың тауарлары мен қызметтері бойынша барлық мәмілелерді бақылауға мүмкіндік береді және олардың кірістерінің толық көрінісін тексеруге мүмкіндік береді.

         Жүйе онлайн режимде жұмыс жасайды.

         Экспорттық - импорттық операцияларын жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат құжаттарын және кеден қызметтерін аул үшін қолайлы жағдайлар көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап «Бірыңғай терезе» порталы жұмыс істейді.

         «Астана-1» АЖ-не «Кеден тексерудің электрондық актісі» модулін енгізу.

         Бизнес үшін барынша ыңғайлы және қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, сыртқы шекарада орналасқан барлық автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесі құрылды.

         ЭКЖ барлық тасымалдаушыларға ашық қолжетімді, бұл Мемлекеттік шекара арқылы кесіп өтуден транспаренттік және мемлекеттік органдар қызметіне сенім денгейін арттырады.

         Қаржы министрлігі ҚХР жеңілдетілген үкіметтік қарыз қаражаты есебінен ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан 9 автомобиль өткізу пунктін жаңғыртуды және техникалық жете жарақтандыруды жүргізуде.

         Жаңғыртуды іске асыру мерзімі - 2025 жылғы 1 қазан.

         Жаңғырту шеңберінде 9 автомобиль өткізу пункті қамтылды, оның ішінде: ҚХР-дан 4 («Алакөл», «Көлжат», «Майқапшағай», «Бақты»), Руздан 4 («Қапланбек», «Қазығұрт», «Атамекен», «Тәжен»), ТР-дан 1 («Темір- баба»), 1 ИДК теміржол өткізу пункті («Достық-теміржол»).

         2023 жылдың шілдесінде «Достық-теміржол» инспекциялық - тексеру кешені іске қосылды.

         2025 жылғы 27 қаңтарда «Қапланбек» өткізу пункті іске қосылды.

«Атамекен», «Көлжат», «Алакөл», «Тәжен» және «Темір баба» өткізу пунктін ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда.

         «Майқапшағай», «Бақты» өткізу пункті объектілерін іске қосуды ағымдағы жылғы қазанда жүзеге асыру жоспарлануда.

         Сонымен қатар, қайта құру кезеңінде жеке тұлғалар үшін жағдай жасау мақсатында 2024 жылғы 6 желтоқсанда өткізу пунктінде («Бақты») уақытша жолаушылар терминалы іске қосылды.

         2022 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі сәтті іске қосылды. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Осы рәсімді ауыртпалықсыз енгізу мақсатында бірінші кезең басталғанға дейін МКК жүйелері уәкілетті органдардың дерекқорларымен біріктірілген.

         1 кезен бойынша 576 мың. адам декларация тапсырды.

         2 кезен бойынша 2,1 млн.адам декларация ұсынды.

         3 кезен бойынша 2,3 млн.адам декларация ұсынды.

         Халыққа ыңғайлы болу үшін Салық төлеушінің кабинеті (cabinet. sakyk.kz) арқылы декларацияларды тапсыру бойынша «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz) және «Е-SalygAzamat» салық мобильді қосымшасы электрондық сервистер іске асырылды, олар салық декларациялау кезеңінде жеке тұлғалардың салық декларацияларын қабылдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

         Мемлекеттік кірістердің барлық органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша салықтық және кедендік әкімшілендіруде 89 сыбайлас жемқорлық тәуекелі белгіленді.     Бүгінгі таңда 11 тәуекел жойылды.

Дата публикации
21 апреля 2025
Дата обновления
21 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы