Меню

Страницы

Статья

101.04 салық есептілігі нысанын жасау қағидаларындағы өзгерістер: салық агенттері нені білуі тиіс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің
2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 бұйрығымен және ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 783 бұйрығымен  бекітілген «Бейрезиденттердің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

       Редакция 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және салық агенттерімен Салық кодексінде көзделген жеңілдіктерді қолданудың негізділігін бақылауды жетілдіруге бағытталған.

       Негізгі өзгерістер:

     - 101.04-нысанда Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын кірістер көрсетілуі тиіс.

      - Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс болып табылмайтын төлемдер де есепке алынады.

       Әкімшілік жүктемені азайту мақсатында есептілікке тек жылдық жиынтық мөлшері 50 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда ғана аталған төлемдер енгізіледі (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта). Сондай-ақ валюталық қайта есептеу Салық кодексінің 647-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл өзгерістер есептілікте толық ақпараттың көрсетілуіне және оның негізінде жіберілетін хабарламалар санының азаюына әсер етеді.

 
 
Дата публикации
21 апреля 2025
Дата обновления
04 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы