Меню

Страницы

Статья

Салықтық тексеру: негізгі аспектілер және сот практикасы

   

      Салықтық тексеру — бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының, соның ішінде салық заңнамасының сақталуын бағалау мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының (МКО) лауазымды тұлғалары жүргізетін бақылау іс-шарасы.

        Бүгінгі таңда салықтық тексерулер екі форматта жүргізіледі:

    Мерзімді тексерулер — тәуекел дәрежесін бағалау негізінде жүзеге асырылады және Тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) пайдалану арқылы автоматты түрде тағайындалады.

       Жоспардан тыс тексерулер — салық төлеушілердің бастамашыл өтініштері, уәкілетті органдардың нұсқамалары мен қаулылары, сондай-ақ өзге де көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

       Кәсіпкерлер салықтық тексеру нәтижелерін уәкілетті органға немесе сотқа Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес шағымдануға құқылы.

       Сот практикасы: Соңғы 4 жыл ішіндегі сот шешімдерін талдау көрсеткендей, талап арыздардың басым бөлігі ӘРПК ережелеріне сәйкес салықтық тексеруді тағайындау кезіндегі МКО-ның рәсімдік әрекеттеріне шағымданумен байланысты. Атап айтқанда, салық төлеушілер ескертулерді, хаттарды және тыңдаулар хаттамаларын әкімшілік актілермен теңестіреді.

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін әкімшілік соттар 107 істің ішінен жалпы сомасы 39 млрд теңгені құрайтын талаптардың 30%-ын немесе 2,7 млрд теңгеге тең талаптарды қанағаттандырған.

       Сонымен қатар, салық төлеушілерге жасалған ескертулер (ӘРПК-нің 70–73-баптарының шеңберінде) соттармен аралық актілер ретінде танылып, салық міндеттемелерінің туындауына әкелмейтін әрекеттер болып табылғандықтан, сот шешімдерімен МКО-ның пайдасына қолдау тапқан.

       Практикалық ұсыныс: Сот практикасы заң шеңберінде жүзеге асырылған МКО әрекеттерінің соттармен қолдау табатынын растайды. Осыған байланысты кәсіпкерлерге сот шығындарына емес, салықтық және бухгалтерлік есепті күшейтуге ресурстарын бағыттап, талап арыз берудің мақсаттылығын ұтымды бағалауға кеңес беріледі.

      Өзекті өзгерістер: 2024 жылдың басынан бастап мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгіну тәжірибесі тоқтатылды. Оның орнына мәмілелер салықтық тексерулер барысында — бастапқы құжаттар мен дәлелдемелер жиынтығы негізінде талданады. Салық салу объектілеріне түзету тек салықтық мақсаттарда және Салық кодексінде көзделген өкілеттіктер аясында ғана жүргізіледі.

      Осыған байланысты кәсіпкерлерге Салық кодексінің 155-бабына сәйкес жасалған шаруашылық операциялардың фактін растайтын бастапқы құжаттардың толық пакетін уақтылы ұсыну маңызды.

 

Дата публикации
21 апреля 2025
Дата обновления
03 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы