Меню

Страницы

Статья

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудың маңызды құралы»

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1-ші қыркүйек «Халықтың бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыруды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің айқындығы мен есептілігін арттыруды тапсырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қабылдануымен, елімізде алдын алу құралдарының басымдылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жүйесі құрылды.

Атап айтқанда, жаңа Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу сияқты превенция құралдары енгізілді.

Дегенмен, қоғамның  сұраныстарына, ұлттық саясат пен шетелдік озық тәжірбиені ескере отырып, Қазақстанның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты үнемі жетілдіріп отырады.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпанындағы №802 Жарлығымен Агенттік әзірлеген «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы», сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бектілді.

Онда сатып алу мен бюджет процесінің ашықтығын аттыру, жемқорлардың жауапкершілігін қатаңдату, қоғамдық бақылауды күшейту және т.б. түйінді міндеттер мен жүйелі шаралар қамтылған.

Жоғарыда аталған тұжырымдаманы  іске асыру жобалық басқару механизимдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатынын ерекше атап өтемін.

Елімізде енгізіліп жатқан жобалық басқару, нақты нәтижелерге қол жеткізуге және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін дербестендіруге бағытталған, сонымен қатар, мемлекеттік аппараттағы формализм  мен бюрократиядан арылуды көздейді.

Жобалық басқаруды іске асыру тиісті Қағидалармен регламенттелген (Үкіметтің 31 мамыр 2021 жылғы №358 қаулысымен бектілген, Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары), оған сәйкес, барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарда жобалық басқарудың бірыңғай кеңселері ашылады.

Байқасаңыздар, елімізде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік артып, жүйелі жұмыстар нәтижесімен жыл сайын коррупция үшін жауапкершілік те күшейіп келеді:

- бірінші басшының тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін  отставкаға кетуі міндетелді.

- Парақорлық үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды.

- Құқық қорғау органдары мен соттарға қылмыстық жауаптылық қатаңдады.

- Жемқорлар үшін мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салынды.

- Ауыр жемқорлық қылмыстары үшін түрмеден ерте босату шектелді.

Жемқорлыққа қарсы саясат 3 негізгі кешенді бағыттан тұрады:

Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және қылмыстық тергеп-тексеру.

Қылмыстық тергеп-тексеру, сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең соңғы сатысы.

Сөз соңында, қазір қолданыстағы заңнамалар, сапалы жүзеге асырқан жағдайда, біздің қоғамымызда сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал ететін барлық шараларды қамтитынын атап өтемін.

Сол себепті, баршаңызға еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға белсенді қатысуға шақырамын.

 

Шымкент қаласындағы

кедендік сараптама және

зерттеулер бөлімінің басшысы                                                     Н.Ботабеков

Дата публикации
28 ноября 2022
Дата обновления
18 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу
Ақпарат
14 октября 2026
«Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарларын өткізді
Пайдалы ақпарат
14 октября 2026
Кедендік құнды бақылау: қандай жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы