120-баптың 3-тармағына сәйкес мемлекеттік баждың төленген сомасы жүзеге асыру үшін төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді салық төлеушінің жасамауы (оның ішінде, тиісті құжаттарды бергенге дейін оның әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіштерде растаған кезде артық төленген деп танылады.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды Мемлекеттік кірістер органы салық өтініш мен қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжаты негізінде оның төленген жері бойынша жүргізеді.
Салық кодексінің 122-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік баждың артық төленген сомасы бюджетке мемлекеттік баждың осындай сомасы төленген күннен бастап үш жыл ішінде қайтаруға арналған құжаттар ұсынылған кезде қайтарылуға жатады