Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда статистикасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бөлінісінде қалыптастырылады. Тауарларды сыныптаушы ретінде Еуразиялық экономикалық Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы қолданылады. Аталған сыныптауышы орыс тілінде бекітілген және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында қолданылады, осыған байланысты қазақ тіліне аударма қарастырылмаған.