Өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-
тармағының 7) тармақшасына сәйкес, :БҰЙЫРАМЫН
шығару қағидалары бекітілсін.
комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-
ресурсында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2)
тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне
ұсынуды қамтамасыз етсін.
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап
туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 13 ақпандағы № 13 Бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 ақпанында № 37975 болып тіркелді)
Өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
(бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір
мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
туралы ереженің 15-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және микро
және шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мынадай:
1) 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке
шотында болған, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық
төлеушінің жеке шотында болған бересі сомасына, 2026 жылғы 1 қаңтардан
бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі
төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса
алғанда, есептелген өсімпұл;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша
және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша
салық төлеушінің жеке шотында болған, Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) сәйкес салық салу
саласындағы құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік кірістер органдары салған
айыппұл;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту
және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін салық
төлеуші 2026 жылғы 1 сәуірге дейін толық көлемде орындаған жағдайдағы
өсімпұл мен айыппұл сомасын;
4) салық төлеушінің жеке шотында болған, ӘҚБтК-ке сәйкес 2026 жылғы 1
қаңтарға дейін жасалған айналымдар бойынша қосылған құн салығы бойынша
төлеуші ретінде тіркеуге тұрмаған кезеңде жасаған айналым үшін мемлекеттік
кірістер органдары салған айыппұл сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.
Микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан
бастап 31 наурызға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Салық
кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген, 2026 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша есептелген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер бойынша бересі сомасын толық төлеген кезде, осы тармақтың бірінші
бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген өсімпұлдар мен айыппұлдар
сомасын есептен шығарудың міндетті шарты болып табылады.
микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады.
өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын жеке шоттан есептен шығару жөніндегі
комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүргізген жеке шоттарды түгендеу
қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
ішінде салық төлеушілердің жеке шоттары жүргізілетін жер бойынша
мемлекеттік кірістер органы Комиссия құрады.
Комиссияның құрамына мынадай лауазымды тұлғалар енгізіледі:
1) салық төлеушілердің есебін және жеке шоттарын жүргізуге жауапты;
2) салық төлеушілерді тіркеуге жауапты;
3) берешекпен жұмысқа жауапты;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға құқығы бар;
5) салықтық аудитке жауапты;
6) қосылған құн салығын әкімшілендіруге жауапты;
7) дәрменсіз борышкерлермен жұмысқа жауапты;
8) заң қызметінің лауазымды тұлғалары.
Комиссияны мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе мемлекеттік
кірістер органы басшысының орынбасары болып табылатын төраға басқарады.
шоттарды түгендеуді жүргізеді және оның ішінде көрсетілген күнге жеке
шотында салықтың сол түрі және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлем бойынша өсімпұл және (немесе) айыппұл бойынша берешегі бар
салық төлеушілерде Салық кодексінің 122-бабында айқындалған тәртіппен есепке
жатқызуды жүргізу арқылы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке
шотында болған бересі сомасын толық көлемде төлеген салық төлеушілерді,
сондай-ақ ӘҚБтК-нің 275-бабының бесінші бөлігі бойынша 2026 жылғы 1
қаңтарға дейін жасалған айналымдар бойынша қосылған құн салығын төлеуші
ретінде тіркеуге тұрмаған кезеңде айналымдар жасағаны үшін әкімшілік жаза
қолдану туралы қаулыларды орындамаған салық төлеушілерді іріктеуді көздейді.
жеке практикамен айналысатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен
байланысты емес жеке тұлғаның салық міндеттемелері бойынша қалыптасқан
өсімпұлдар;
мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлік қызметті және жеке практиканы
жүзеге асырумен байланысты емес салық заңнамасын бұзғаны үшін жеке
тұлғаларға салатын айыппұл сомасы есептен шығаруға жатпайды.
шотында болған сома:
1) берешек бойынша – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлем сомасы ретінде:
2026 жылғы 1 қаңтарға салық төлеушінің жеке шотында «Есеп айырысулар
сальдосы (бересі (–) немесе артық төлем (+))» бағанында көрсетілген сома;
салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген және салық төлеушінің
жеке шотында «Есептелді» бағанында көрсетілген, төлеу мерзімі «Төлеу мерзімі»
бағанында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетілген сома;
2) өсімпұл бойынша – өсімпұл сомасы ретінде:
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында
«Өсімпұл сальдосы (+, –)» бағанында көрсетілген сома;
салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген және салық төлеушінің
жеке шотында «Өсімпұл есептелді» бағанында көрсетілген, төлеу мерзімі «Төлеу
мерзімі» бағанында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетілген сома;
3) айыппұл бойынша – салықтық тексеру нәтижелері бойынша өндіріп
алынған және салық төлеушінің дербес шотында берешегі төленген салықтың
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрі бойынша көрсетілген
өсімпұл сомасы ретінде:
2026 жылғы 1 қаңтарға «Айыппұл сальдосы (+, –)» бағанында көрсетілген
айыппұл сомасы ретінде;
«Айыппұл салынды» бағанында салықтық тексеру нәтижелері бойынша
салынған салық төлеушінің жеке шотында «Есептелді» бағанында есептелген
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасы көрсетілген,
төлеу мерзімі «Төлеу мерзімі» бағанында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін
көрсетілген сома айқындалады.
ӘҚБтК-нің 275-бабының бесінші бөлігі бойынша есептен шығаруға
жататын айыппұл сомасы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналым
бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген кезеңде айналым
жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 275-бабының бесінші бөлігі бойынша мемлекеттік
кірістер органдарының орындалмаған қаулылары үшін салық төлеушінің жеке
шотында көрсетілген айыппұл сомасы айқындалады.
2-тарау. Өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару тәртібі
Параграф 1. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің
жеке шотында болған, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, төлеген
күнді қоса алғанда, оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, 2026 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында болған, бересі
сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару
бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке шотында көрсетілген
күнге олардың жеке шотында өсімпұл бойынша берешегі болған бересі сомасы
толық көлемде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейінгі кезеңде
төлеген салық төлеушілер анықталған жағдайда мемлекеттік кірістер органы
түгендеу аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей осы
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бересіні төлеген жағдайда
өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім (бұдан әрі – Өсімпұл сомасын
есептен шығару туралы шешім) шығарады.
Өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешімге Комиссия төрағасы мен
мүшелері қол қояды.
ақ төленген күнді қоса алғанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оны төлеген күнге
дейінгі мерзімде төленген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен
шығаруға жатады. Бұл ретте салықтың сол түрі және бересі төленген, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлем бойынша өсімпұл сомасы есептен шығаруға
жатады.
мемлекеттік кірістер органы салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған
жүйесінде (СӘИЖ) бересі төленген сол салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлем түрі бойынша өсімпұлды толық қайта есептеу режимін іске қосады.
бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия Өсімпұл сомасын есептен
шығару туралы шешімде көрсетілген өсімпұл сомасын есептен шығаруды
жүргізеді.
Есептен шығару жеке шотының «Жазба (енгізу) жүргізілетін операцияның
және құжаттың мазмұны» деген бағанында алу белгісімен есептен шығаруға
жататын өсімпұл сомасын салық төлеушінің жеке шотының «Өсімпұл бойынша
есептеу» – «Есептелді (төмендетілді)» деген бағандарында көрсету арқылы
жүргізіледі:
«20 ___ жылғы «___» _______________________ № ___Салық төлеушінің
жеке шотынан өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім».
Параграф 2. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бересі төленген
салықтың сол түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем
бойынша салық төлеушінің жеке шотында болған, Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес
салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл,
сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша төлеуші ретінде тіркеуге тұрмаған
кезеңде 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар үшін салынған
айыппұл сомасын есептен шығару
бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке шотында, көрсетілген
күнге олардың жеке шотында айыппұл бойынша берешегі болған бересі сомасы
толық көлемде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейінгі кезенде
төлеген салық төлеушілер, сондай-ақ ӘҚБтК 275-бабының бесінші бөлігіне
сәйкес қосылған құн салығы бойынша төлеуші ретінде тіркеуге тұрмаған кезеңде
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар үшін әкімшілік жаза қолдану
туралы қаулыларды орындамаған салық төлеушілер анықталған жағдайда,
мемлекеттік кірістер органы түгендеу аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс
күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
айыппұл сомасын есептен шығару туралы шешім (бұдан әрі – Айыппұл сомасын
есептен шығару туралы шешім) қабылдайды.
Айыппұл сомасын есептен шығару туралы шешімге Комиссия төрағасы мен
мүшелері қол қояды.
лауазымды адамдар Комиссия ұсынған Айыппұл сомасын есептен шығару туралы
шешімді ескере отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде әкімшілік жаза қолдану туралы
қаулылардың орындалуын тоқтатады және әкімшілік жаза қолдану туралы
қаулының орындалуын тоқтату туралы қаулы шығару арқылы салық төлеушілерді
әкімшілік жазаны орындаудан босатады.
және әкімшілік жазаны орындаудан босатылған салық төлеушілердің тізімі осы
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады және қаулының
орындалуы қысқарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей айыппұл
бойынша берешек сомасын салық төлеушінің жеке шотынан есептен шығару
үшін салық төлеушінің жеке шотын және есепке алуды жүргізуге жауапты
мемлекеттік кірістер органның құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
салынған және 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке
шотында болған айыппұл сомасы бересі төленген сол салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша есептен шығарылады.
ӘҚБтК 275-бабының бесінші бөлігі бойынша қосылған құн салығын
төлеуші ретінде тіркеуге тұрмаған кезеңде, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған
айналымдар үшін салынған айыппұл сомасы әкімшілік жаза қолдану туралы
орындалмаған қаулылар бойынша есептен шығарылады.
операцияның және құжаттың мазмұны» деген бағанында «алу» белгісімен есептен
шығаруға жататын айыппұл сомасын салық төлеушінің жеке шотының «Айыппұл
бойынша есептеу» – «Есептелді (төмендетілді)» деген бағандарында көрсету
арқылы жүргізіледі:
«20 ___ жылғы «___» ___________________ № ___«Әкімшілік жазаға тарту
туралы қаулының орындалуын қысқарту туралы қаулы».
шығарылғанға дейiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда көрсетiлген айыппұл
сомасы ішінара төленген жағдайда, осындай қаулы бойынша салынған айыппұл
сомасы мен осындай қаулы бойынша төленген сома арасындағы айырма есептен
шығаруға жатады.
Параграф 3. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлеу мерзімі
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан
Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес
өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша салық міндеттемесін салық төлеуші мерзімінен бұрын толық
көлемде орындаған жағдайларда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен
шығару
Республикасының салық заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін
мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайда салық төлеуші 2026 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес өзгерген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы еркін
нысандағы өтінішті мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Салық кодексінің 132-бабы 3-тармағымен қарастырылған оларды төлеу
бойынша салықтық міндеттемелерінің орындалу мерзімін өзгерту кезінде
салықтарды және (немесе) төлемдерді уақтылы төлемегені үшін салық төлеушіні
босату жағдайын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оны төлеген күнге
дейінгі мерзімде төленген кезінде 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
төлеу мерзімі өзгертілген салықтық міндеттеменің төленген сомасына есептелген
өсімпұл сомасы да есептен шығарылуға жатады.
Бұл ретте өсімпұл сомасы төленген бересі бойынша салықтың және
бюджетке төленетін басқа да міндеттеменің сол түрі бойынша есептен
шығарылады.
Мемлекеттік кірістер органы салықтар немесе бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелердің мерзімінен бұрын толық
көлемде орындалу фактісі расталған кезде өтініш түскен күннен бастап 5 (бес)
жұмыс күннен кешіктірмей өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім
шығарады.
Өсімпұл сомасын есептен шығару осы Қағидалардың 11-тармағында
белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Салық төлеушінің өтінішін қарау нәтижесі Қазақстан Республикасының
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік
кірістер органымен жолданады.
банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзгерген салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық
міндеттемені мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайда салық
төлеуші мемлекеттік кірістер органына өсімпұл және (немесе) айыппұл сомасын
есептен шығару туралы еркін нысанда өтініш береді.
Салықтың немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша
салықтық міндеттемелерді мерзімінен бұрын толық көлемде орындау фактісі
расталған кезде мемлекеттік кірістер органы осы өтініш түскен күннен бастап 3
(үш) жұмыс күні ішінде Өсімпұл және (немесе) айыппұл сомасын есептен шығару
туралы шешім шығарады, ал тиісті уәкілетті лауазымды адамдар 3 (үш) жұмыс
күні ішінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқарту
туралы қаулыны шығару жолымен қаулының орындалуын қысқартады және
салық төлеушіні әкімшілік жаза қолданудан босатады.
Өсімпұл сомасын есептен шығару осы Қағидалардың 11-тармағында
белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Айыппұл сомасын есептен шығару осы Қағидалардың 16-тармағында
белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің өтінішін қарау нәтижесін
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде
белгіленген тәртіпте жібереді.
Параграф 4. Бересі сомасын төлеген кезде өсімпұл мен айыппұл сомасын
есептен шығару туралы есепті ұсыну тәртібі
мемлекеттік кірістер департаменттері ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы
күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша бересі сомасын төлеген кезде өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен
шығару туралы есепті ұсынады.
Бұл ретте түпкілікті есеп 2026 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде
ұсынылады.