2024 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері

2024 жылы «Шығыс Қазақстан облысының жастар ақпараттық-талдамалық агенттігі» қоғамдық бірлестігі Агенттік орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызметтердің сапасын қоғамдық мониторинг жүргізді. Социологиялық зерттеу барысында 70 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 12 мыңнан астам респондент сұралып, пікірлері алынған. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік қызмет алушылардың сапаға, қолжетімділікке және мемлекеттік қызмет көрсетушілердің қызмет көрсету рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында жүргізілген. Социологиялық зерттеу министрлік көрсететін 2 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша жүргізілген: «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» және «Алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудаға лицензия беру, алкоголь өнімдерін өндіру аймағында сақтау және бөлшек саудаға шығару қызметтерін қоспағанда».

2024 жылы «Соттан тыс банкроттық рәсімді қолдану» мемлекеттік қызметіне жүгінген респонденттердің сауалнама нәтижесі бойынша қанағаттану көрсеткіші 4,70 балл (79,8%) құрады.
2024 жылы «Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру, алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу қызметін қоспағанда» мемлекеттік қызметіне жүгінген респонденттердің сауалнама нәтижесі бойынша қанағаттану көрсеткіші 4,84 балл (89,5%) құрады.

2024 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері
Дата публикации
09 января 2026