2025 ЖЫЛҒЫ ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ

2025 жыл

2025 жылы Агенттік орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Шығыс Қазақстан жастарының ақпараттық-талдау агенттігі» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Әлеуметтанулық зерттеу барысында мемлекеттік қызметтердің 70 түрі бойынша 12 мыңнан астам респондент сауалнамаға тартылды.

Әлеуметтанулық зерттеу мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің 3 түрі бойынша жүргізілді: «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару», «Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке алынуы және қайтарылуы», «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару».

«Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі бойынша сауалнамаға 164 қызмет алушы қатысты. Респонденттердің шамамен 63%-ы әйелдер, ерлердің үлесі – 37,2%. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі 30–39 жас (46,3%) және 40–49 жас (36,6%) аралығындағы топтарға жатады. Қанағаттану көрсеткішінің орташа балы 4,53 балды (57,4%) құрады («Электрондық үкімет» порталы – 4,39 (44,0%), уәкілетті мемлекеттік орган – 4,66 (69,9%)).

«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік қызметі бойынша сауалнамаға 96 қызмет алушы қатысты, олардың 80,2%-ы ерлер, 19,8%-ы әйелдер. Респонденттердің 16,7%-ы 22–29 жаста, 44,8%-ы 30–39 жаста, 33,3%-ы 40–49 жаста, 5,2%-ы 50–59 жаста болды. Қанағаттану көрсеткішінің орташа балы 4,88 балды (89,4%) құрады («Электрондық үкімет» порталы – 4,89 (91,1%), уәкілетті мемлекеттік орган – 4,86 (87,8%)).

«Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке алынуы және қайтарылуы» мемлекеттік қызметі бойынша сауалнамаға 753 респондент қатысты, оның ішінде 248 әйел (32,9%) және 505 ер (67,1%). Жас санаттары бойынша: 22–29 жас – 12,0%, 30–39 жас – 41,3%, 40–49 жас – 42,5%, 50–59 жас – 4,2%. Қызмет алушылардың 47,8%-ын заңды тұлғалар, 47,4%-ын жеке тұлғалар және 4,8%-ын жеке кәсіпкер мәртебесіндегі жеке тұлғалар құрады. Қанағаттану көрсеткішінің орташа балы 4,93 балды (92,1%) құрады («Электрондық үкімет» порталы – 4,94 (94,1%), уәкілетті мемлекеттік орган – 4,90 (90,0%)).

2025 ЖЫЛҒЫ ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ
Дата публикации
09 января 2026