Тауарларды қадағалап отыру тетігінің
жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 180-бабының 6-тармағына және 2019 жылғы 29 мамырда Астана қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы Келісімге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндет атқарушысының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 «Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26670 болып тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1207 ««Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндет атқарушының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30856 болып тіркелген).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
|
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 623 бұйрығымен бекітілген
Тауарларды қадағалап отыру тетігінің
жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бөлшек сауда – тауарларды жеке, отбасылық, үйішілік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалану үшін сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметінің түрі;
2) виртуалды қойма – тауарлардың автоматты режимде өткізілуін және бақылауға арналған электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;
3) қадағалап отыру – Келісімді іске асыру мақсатында ұлттық қадағалап отыру жүйесін пайдалана отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлар айналымымен байланысты операцияларды есепке алуды ұйымдастыру;
4) қадағалап отыру тетігі – ұлттық қадағалап отыру жүйелерінен мәліметтер алмасу негізінде жұмыс істейтін және тауарлар айналымын бақылау мақсатында қадағалап отыруды қамтамасыз ететін жүйе;
5) қадағалап отыруға жататын тауарлар – Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына әкелінген, Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) бекітетін мынадай тауарлар енгізілген тізбеге қатысты қадағалап отыру жүзеге асырылады:
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 52-тарауына сәйкес кеден органдары ұстаған және осындай тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар белгілеген мерзімде қажет етілмеген тауарларға;
сот шешімі бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебінен өндіріп алу қолданылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылмаған тауарларға;
тәркіленген немесе мемлекеттің меншігіне (кірісіне) өзгеше тәсілмен айналдырылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылмаған тауарларға;
ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;
6) өткізу – сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде, кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беруге;
7) тауарлар айналымы – ішкі тұтыну үшін шығару кеден рәсіміне сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарларды шығару, осындай тауарларды ЕАЭО кедендік аумағында өткізу, өткізумен байланысты және Келісімнің 4-бабының 4-тармағына сәйкес ЕЭК айқындаған жағдайларда оларды бір ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан басқа ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына өткізу;
8) тұлға – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болып табылмайтын тұлға;
9) ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағына сәйкес жазып берілетін электрондық шот-фактура.
2–тарау. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу тәртібі
Ұлттық қадағалап отыру жүйелеріндегі қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымына байланысты мәліметтермен алмасу, осындай тауарларды бір ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан екінші ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына өткізу алдындағы операциялар Келісімнің 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер қадағалап отыруға жататын тауарлар Келісімнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес ЕЭК бекіткен тізбеден алып тасталса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген немесе осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ЕЭК айқындаған мерзім өткенге дейін, қадағалап отыру тоқтатылады.
ЕЭК Келісімнің 6-бабының 3-тармағына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген немесе осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ЕЭК-да айқындалған мерзім өткенге дейін қадағалап отыруы тоқтатылатын жағдайлар және осы жағдайларда қадағалап отыру тоқтатылатын мерзімдерді айқындайды.
1) электрондық құжаттар түрінде ресімдеу техникалық іркілістерден, байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуынан, электр энергиясының өшіп қалуынан, сондай-ақ Келісімнің (ЕЭК) 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған өзге де жағдайларда туындаған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдейді;
2) ақпараттық жүйелер істен шыққан жағдайда тауарларға ілеспе құжаттарды қағаз жеткізгіште ресімдейді және осындай құжаттарды ақпараттық жүйелердің істен шығуын жойған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұлттық қадағалау жүйесіне енгізеді;
3) ұлттық қадағалау жүйесіне енгізілуге жататын толық әрі шынайы мәліметтерді ұсынады;
4) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағына сәйкес, оның ішінде Салық кодексінің 179-бабының 3-тармағына сәйкес тауарларға ресімделген ілеспе жүкқұжат негізінде электрондық
шот-фактураны жазып береді;
5) қадағалап отыруға жататын тауарлар бойынша виртуалды қойма арқылы қадағалап отыру бойынша құжат айналымын жүзеге асырады.