Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдаулар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер нысанын және Мемлекеттік кірістер органына оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда № 37019 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабы 6-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдаулар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдаулар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары бекітілсін.
- «Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 493 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18741 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
|
|
М. Такиев
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы