Маңғыстау облысында халықпен кездесудегі сұрақтар тізімі

1. АСР бойынша қандай мөлшерлемелер белгіленеді және оларды кім айқындайды (мәслихаттар немесе ҚР бойынша бірыңғай ма)?

Жауап:

- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын тұлғалар табыс салығын төлеуден толық босатылады (ЖТС мөлшерлемесі – 0%). Мұндай тұлғалардың жалғыз міндеті – табыстан 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу (МЗЖ, МЗЖР, ӘЖ және МӘМС бойынша 1%-дан), бұл өз бетінше жұмыспен қамтылғандарға базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді;

-оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын салық төлеушілер үшін 4% мөлшерлеме (КТС/ЖТС) белгіленген, мәслихаттарға осы мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету немесе арттыру құқығы берілген.

2. Патенттен немесе ЖК-дан өзін-өзі жұмыспен қамту режиміне қалай көшуге болады?

Жауап:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ға көшу үшін өтпелі ережелер көзделген (Салық кодексінің 840-бабы), соған сәйкес:

қызметін тек қана интернет-платформалар арқылы жүзеге асыратын ЖК-ларды салық органдары автоматты түрде есептен шығарады;

  • патент негізінде АСР қолданатын ЖК-лар, арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтуға арналған АСР -ға көшу үшін (қолдану шарттарына сәйкес болған жағдайда) өз бетінше ЖК ретінде есептен шығуы тиіс.
    Бұл ретте, өзін-өзі жұмыспен қамтуға арналған АСР қолданудың басталу күні мобильдік қосымша чектері қалыптастырылған ай болып табылады.

 3. Қандай шегерімдер сақталады (ипотека, оқу, асырауындағы адамдар бойынша)?

Жауап:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін нормаларға сәйкес:
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 401-бабы 1-тармағына сәйкес жеке тұлға мынадай жеке табыс салығы шегерімдерін қолдануға құқылы:

  1. әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім;
  2. базалық салықтық шегерім;
  3. әлеуметтік салықтық шегерімдер.

Салық кодексінің 402, 403 және 404-баптарына сәйкес салықтық шегерімдерге мыналар жатады:

азаматтық-құқықтық шарттар бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары және әлеуметтік аударымдар түріндегі әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім;

30 АЕК мөлшерінде базалық шегерім;

әлеуметтік салықтық шегерімдер – І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін 5000 АЕК мөлшерінде, ІІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін; мүгедек балаға; Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғаларға; ҰОС жылдарында тылда жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен наградталған тұлғаларға; 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) тұлғаларға – 882 АЕК мөлшерінде; мүгедек баланың ата-анасының біріне, қамқоршысына, қорғаншысына, бала кезінен мүгедектігі бар тұлғаның ата-анасының біріне, асырап алушысының біріне, сондай-ақ патронат тәрбиешілердің біріне – 882 АЕК мөлшерінде.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сыйақылар, оқу және көпбалалы отбасы бойынша салықтық шегерімдер көзделмеген.

Сонымен қатар, 30 АЕК мөлшерінде базалық шегерім енгізіледі және жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді растайтын құжаттарды жинау, сақтау, сондай-ақ табыс пен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсыну міндеті болмайды.

4. 2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесі қандай болады (16%)?

Жауап:
2026 жылдан бастап ҚҚС-тың жалпы белгіленген мөлшерлемесі 16% құрайды. Осыған сәйкес, 2026 жылдан кейінгі кезеңге жататын тауарлар, жұмыстар, қызметтерді өткізу бойынша айналымдар 16% мөлшерлеме бойынша салық салынады.

5. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары үшін жеңілдіктер сақтала ма?

Жауап:
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеушілер үшін көзделгені:

ҚҚС бойынша – 80% көлемінде қосымша есепке жатқызу (бұрын 70% болған);

КТС бойынша – табыстар 3% мөлшерлеме бойынша салық салынады.

 

Дата публикации
22 сентября 2025