Анықтама «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына

Анықтама

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына

 

Қазақстанда жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға

бірдей декларациялау жүйесін енгізу 2021 жылдан 2025 жылға дейін

төрт кезеңде жүзеге асырылуда.

Анықтама үшін: үш кезең аясында жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам кірді, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік  сектор қызметкерлері, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары бар. 2025 жылы төртінші кезең шеңберінде декларация тапсыру міндеттемесі жеке құрылымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге, зейнеткерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге, студенттерге және басқа да тұлғаларға жүктеледі.

Бұл шамамен 8 миллион адамды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлері бірінші форумында берген тапсырмасын орындау мақсатында жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау шеңберінде, декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын азаматтардың шетелде активтері бар азаматтарды қоспағанда, декларацияны (активтер мен міндеттемелер туралы) табыстаудан босату ұсынылды.

Осылайша, активтер мен міндеттемелер туралы декларациясы (250.00 СЕН) ұсыну туралы міндет:

Қазақстан Республикасынан тыс жерде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына және резиденттеріне;

сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға, сондай-ақ оларға

теңестірілген лауазымдарға кандидаттарға;

цифрлық активтертері бар Қазақстан Республикасының

азаматтары мен резиденттеріне;

жеке практикамен айналысатын адамдарға сақталады.

Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00

СЕН) ұсыну бойынша міндет:

мемлекеттік қызметшілерге мен оларға теңестірілген түлғаларға

(квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары мен құрылтайшыларын қоса алғанда), сондай-ақ олардың жұбайларына;    

банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының және олардың жұбайларының ірі қатысушыларына;

коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары

(қатысушылары) (дауыс беретін акцияларының үлесі 10% - дан асатын

акционерлік қоғамдарда) және олардың жұбайларына;

жеке практикамен айналысатын адамдарға;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлкі бар адамдарға;

дербес салық салуға жататын табыс алған тұлғаларға (дара

кәсіпкерлердің кірістерін қоспағанда);

1 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)асатын сомада шетелдік

банктерде ақшалай қаражаты бар тұлғаларға;

құны 20 000 АЕК — тен асатын ірі мүлікті Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де сатып алған

тұлғаларға сақталады.

Осы мақсатта «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті

төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сақтандыру

қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар

және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Микроқаржылық

қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,

«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының

заңдарына түзетулер енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация
Дата публикации
18 июля 2025