Legalacts порталына орналастыру үшін қосымша
«Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің _________ № _____ бұйрығының жобасы
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы. |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Бұйрықтың жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының қайшылықтарын жою мақсатында «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша әзірленді. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
««Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 143 бұйрығына биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесіне биологиялық тәуекелдерді басқару тәртібі қолданылатын тауарлардың белгіленген өзекті тізімін сәйкестендіру бөлігінде өзгерістер енгізілсін. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаны әзірлеудің мақсаты биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесінде биологиялық тәуекелдерді басқару тәртібі қолданылатын тауарлардың өзекті тізімін сәйкестендіру болып табылады. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Осы НҚА жобасы биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесінде биологиялық тәуекелдерді басқару тәртібі қолданылатын тауарлардың өзекті тізімін сәйкестендіру мақсатында әзірленді, осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарлар жоқ. |
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15531407