«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

1. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары көзделген «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына;

2. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісінің синтетикалық есірткілерді дайындау кезінде пайдаланылуы ықтимал прекурсорлар мен басқа да химиялық заттардың айналымын бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін Тауарлар тізбесіне прекурсорларды енгізу туралы ұсыныстарды пысықтау және енгізу тапсырылған 2024 жылғы 18 қарашадағы тапсырмасының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Бас прокуратураның бастамасымен прекурсорлар мен басқа да химиялық заттардың айналымын бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді, мынадай өзгерістер мен толықтырулар көзделген:

- «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазылатын Тізбе, құрамында синтетикалық препараттарды дайындауда әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлар мен басқа да химиялық заттар бар тауарларды, Сыртқы экономикалық бірыңғай тауар номенклатурасының Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – СЭҚ ТН) кодтарына кеңейту бойынша (ақпарат ҚР ІІМ – ден алынды).

- «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына синтетикалық препараттарды дайындауда әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлар мен басқа да химиялық заттар бар тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттемелер енгізілүде.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Көрсетілген бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты:

синтетикалық есірткілерді дайындау кезінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлар мен басқа да химиялық заттардың айналымын бақылауды және мониторингті қамтамасыз ету мақсатында электрондық шот-фактураларды жазып беру және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттемелерді енгізу болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15512150

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы
Дата публикации
30 апреля 2025