«Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы

 «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

          БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде
    № 16549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Қоймаларды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға мынадай талаптар қойылады:

1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;

2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;

3) аумақ белгіленеді және барлық периметрі бойынша қоршалған және қойма аумағын қоршау темірбетоннан, бетоннан, кірпіштен, металл конструкциялардан не осы материалдардың комбинациясынан жасалған үздіксіз конструкциядан және тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін күрделі ғимараттың (құрылыстың) ішінде қойма орналастыру жағдайларын қоспағанда, биіктігі кемінде 2,2 метр (екі метр жиырма сантиметр) болуы тиіс.

4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы;

5) периметрі бейнебақылау құралдарымен жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа), бұл ретте, бақылау камераларының тәулік бойы режимде жазатын және болған оқиғалар туралы бейне ақпаратты күнтізбелік 6 (алты) ай ішінде қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін функциясы болуы тиіс;

Бұл ретте, бейнебақылау құралдары мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:

сыртқы жүйелермен интеграциялау үшін ашық тәуелсіз АРІ (ағыл. Application Programming Interface) платформасы;

еркін таратылатын (тегін) SDK (ағыл. software development kit) пакеті негізінде үшінші тараптарды қосу және өздерінің бейне-аналитикалық модульдерін (сыртқы плагиндерді) әзірлеу мүмкіндігі;

ОNVIF (ағыл. Open Network Video Interface Forum), PSIA (Physical Security Interoperability Alliance) хаттамалары бойынша камераларды қосу мүмкіндігі;

рұқсат ету мүмкіндігі – кемінде 1920х1080 пиксель;

объектив: варифокальды, мегапиксельді;

қысу стандарты – Н. 264, MJPEG;

бейне сигналын түрлендіру жылдамдығы – кемінде 25 fps;

қолдау көрсетілетін желілік хаттамалар – TCP/IP, UDP/IP (Unicast, Multicast, IGMP), RTSP/RTP, NTP, SNMP v2c/v3;

қос ағынды қолдау (ағын сипаттамалары дербес бапталады);

ONVIF (ағыл. Open Network Video Interface Forum); деректерді беру хаттамасын қолдау;

минималды сезімталдық – бір шаршы метрге 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) люменнен аспайды;

антивандалдық қорғау;

6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары;

7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Ашық типті кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, кеден қоймасының иесі уақытша сақтау қоймасына техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуын, электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуын қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды жүзеге асыру үшін өткізу қабілеті кемінде 500 Мбит/с интернет байланысының болуы;

9) өрт қауіпсіздігі, санитарлы-эпидемиологиялық және техникалық нормалар талаптарына сай келуі;

10) нақты уақыт режимінде мемлекеттік кірістер органына ақпаратты қарауға қашықтан қол жеткізу, 6 (алты) ай ішінде болған оқиғалар туралы ақпаратты жинақтау және қарауды жүзеге асыру мүмкіндігін беретін Face-ID биометриясын қолдана отырып, қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚББЖ) болуы»;

Ескертпе:

Н.264 – суреттің жоғары сапасын сақтау кезінде бейнеағымды қысудың жоғары дәрежесіне жеткізуге арналған бейнені қысудың лицензияланған стандарты;

MJPEG – бейнеқысудың кадрлық тәсілі, оның ерекшелігі JPEG суретті қысу алгоритмі көмегімен бейнеағынның әрбір жеке кадрын қысу болып табылады;

fps – бір секундта монитор немесе телевизор экранындағы кадрлардың саны;

TCP/IP – цифрлық түрде ұсынылған деректерді берудің желілік моделі;

RTSP/RTP – мультимедиялық деректермен жұмыс істейтін жүйелерде пайдалануға арналған қолданбалы хаттама;

ONVIF – қауіпсіздік жүйесінің деректерін берудің стандартты хаттамасы;

IP66 – бағдарланған желілік хаттама, TCP/IP хаттамаларының жиынтық негізі;

лк – жарықтандырудың өлшем бірлігі (1 люкс = 1 шаршы метрге 1 люмен).

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. БСД-да тауарлар:

1) бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 166-бабы 1-тармағы;

2) Салық кодексінің 412 және 413-бабына сәйкес шот-фактураны жазып беру және оны тауарларды сатып алушыға беру жөніндегі талаптар;

3)   бажсыз сауда дүкендердегі ең төменгі бөлшек сауда бағалары сақтала отырып өткізіледі.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)   осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3)   осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Републикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

               Аты-жөні

 

 

 

 

бұйрықтың жоба
Дата публикации
18 марта 2025