«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
Бұйрықпен бекітілген
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) қосалқы мердігер – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген нормаларға сәйкес жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау үшін тартылған жеке немесе заңды тұлға;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
4) өнім беруші (бас мердігер) – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум).
2-тарау. "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаға қатысушылар
1) өнім беруші;
2) қосалқы мердігерлер;
3) мемлекеттік кірістер органдары Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.
3-тарау. "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны енгізу тәртібі
Мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты қосалқы мердігер ЭШФ АЖ ресімдейді (енгізеді).
Шартты ресімдеу осы тармақта көрсетілген шартты орындауға тартылған барлық қосалқы мердігерлерге қолданылады.