On amendments to the order of the Deputy Prime Minister - Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated March 10, 2023 No. 254 “On approval of the Rules and terms for monitoring the financial condition of the debtor”

The regulatory legal act has been developed in the state and Russian languages. No translation is provided.

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 32039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдері, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы

 

Е. Биржанов

On amendments to the order of the Deputy Prime Minister - Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated March 10, 2023 No. 254 “On approval of the Rules and terms for monitoring the financial condition of the debtor”
Дата публикации
24 сентября 2024