ШЫҰ шеңберіндегі кедендік ынтымақтастық туралы
шеңберінде сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер министрлерінің кеңесінде Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Арнайы жұмыс тобы (бұдан әрі – АЖТ) жұмыс істейді. Топқа Ресей тарапы төрағалық етеді.
АЖТ өз қызметін 2018 жылғы 19 қазандағы сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер министрлері кеңесінің хаттамасымен бекітілген Арнайы жұмыс тобының Регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
АЖТ негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- кеден ісі саласындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы қабылданған мемлекетаралық және үкіметаралық шешімдерді іске асыруға жәрдемдесу;
- кеден ісі саласындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен қызметінің басым бағыттары бойынша халықаралық шарттар мен мақсатты бағдарламаларды әзірлеу;
- сыртқы саудада айналымдағы тауарларды кедендік ресімдеу мен бақылаудың кедендік ережелері мен құжаттама нысандарын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
АЖТ отырыстары жыл сайын, кемінде жылына бір рет өткізіледі. АЖТ-ның жалпы 39 отырысы өтті.
Тұрақты емес негізде, АЖТ отырыстары шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден органдарының лауазымды тұлғаларын оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға жауапты сарапшылардың жұмыс кеңестері өткізіледі, оның барысында келесі мәселелер талқыланады:
- кеден органдарының қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
- Дүниежүзілік кеден ұйымының «Кедендік зерттеулер мен әзірлемелердегі әріптестік (PICARD)» бағдарламасын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден әкімшілігінің оқу орындарының қызметіне енгізу;
- кеден органдарының қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау процесіндегі заманауи ақпараттық технологиялар;
- кеден қызметкерлерін бағалау критерийлері.
АЖТ шеңберінде келесі құжаттар қабылданды:
- 2007 жылғы 2 қарашада Ташкентте қол қойылған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы кеден ісі саласындағы ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім;
- 2008 жылғы 30 қазандағы энергетикалық ресурстардың қозғалысын бақылау саласындағы ақпарат алмасу туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы хаттама;
- 2009 жылғы 14 қазандағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы кеден органдары қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- 2012 жылғы 5 желтоқсандағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- 2014 жылғы 15 желтоқсандағы тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу және қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы меморандум;
- 2014 жылғы 15 желтоқсандағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- 2015 жылғы 15 желтоқсандағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің 2016-2021 жылдарға арналған өзара іс-қимыл бағдарламасы.
- 2018 жылғы 10 маусымдағы Циндао қ., CENcomm RILO-MOSCOW операциялық платформасының арналары арқылы жүзеге асырылатын тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс нүктелерінің ақпараттық өзара әрекеттестігі туралы ереже;
- Озонды бұзатын заттардың трансшекаралық тасымалдануы туралы ақпарат алмасу туралы Циндао қ. 2018 жылғы 10 маусымдағы меморандум.